Сөгеті сасыры
| Сөгеті сасыры | ||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
| Ferula sugatensis Bajtenov |
Сөгеті сасыры (лат. Ferula sugatensis) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында (Сөгеті аңғарларында) кездеседі. Биіктігі 30 см-ге дейін жетеді. Тамырының жуандығы 0,5-1 см. цилиндр тәрізді. Сабағы біреу, түксіз, ирек болып келеді. Жапырағы сүр жасыл түсті, түксіз. Деңгелек жапырағы сағақты, оның тақташасы дөгелек ромб тәрізді, ұзындығы 4-6 см. Сабақ жапырағы ұсақ. Шатыргүлі 8-13 салалы, шатыршагүлі 12-15 гүлді. Гүлі сары түсті. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі сопақтау, ұзындығы 5 мм, қоңыр түсті. Өте сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Пайдаланған әдебиет
| ]- Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.
- Шатыршагүлділер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сөгеті сасыры туралы ақпарат, Сөгеті сасыры дегеніміз не? Сөгеті сасыры нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!