Шайқы Құсайынов
Шайқы Құсайынов(1897-1970) – өз тұсының дәуірі мен ортасының кемеңгер домбырашысы Күршім ауданының тумасы. Сүйегі Найман тайпасының Саржомарт ішіндегі Сәйке руынан.
Өмірбаян
Арнайы музыкалық білімі болмаса да, Шайқы табиғи қабілетімен домбыра аспабын, күй өнерін шебер меңгерген өнерпаз болған. Халық күйлерін жанымен сүйіп, үйреніп меңгеріп, көптеп бойына сақтап, арттағы ұрпақтарға аманат етіп қалдырған күйші. Замандастарының айтуынша Шайқының репертуарында 50-60-тай халық күйлері болыпты. Мысалы «Балжыңкер», «Ақ қабаның толқыны» күйлері Марқаның көлі мен өзенінің аттарымен, «Бейсенбінің кеңес күйі», ХІХ ғасырдағы атақты Бейсенбі бидің есімімен байланысты, сондай-ақ Сыдық, Мәди сынды Катон-Қарағай жерін мекендеген күйшілердің күйін жеткізуші.
Дереккөздер
1. "Қазақ халқының әндері мен күйлері" кітабы, 1982 жыл, 69 бет.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шайқы Құсайынов туралы ақпарат, Шайқы Құсайынов дегеніміз не? Шайқы Құсайынов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!