Сары теңіз
Сары теңіз (қыт. 黃海) — Тынық мұхиттың Азия жағалауында орналасқан. Аумағы 416 мың км². Орташа тереңдігі 40 м, ең терең жері 106 м. Ірі шығанақтары: Бохайвань, Ляодун және Батыс Корей; бұғаздары Бохай, Лаотешань, т.б. Сары теңізге Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян (Амноккан) өзендері құяды. Суының температурасы ақпанда 0 — 8°С, тамызда 24 — 28°С. Тұздылығы 26‰-тен 34‰-ке дейін ауытқиды. Толысуы жарты тәуліктік (3 — 4 м-ден 9 м-ге дейін). Теңізден балық, шаян, т.б. ауланады. Негізгі порттары: Тяньцзинь, Яньтай, Циндао, Далянь, Люйшунь (Қытай), Нампхо (КХДР), Инчхон (Корея Республикасы).
Сары теңіз | |
![]() | |
NASA ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 416 мың км² |
Көлемі | 17 мың км³ |
Тереңдігі | 106 м |
Орташа тереңдігі | 40 м |
Орналасуы | |
35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сары теңіз туралы ақпарат, Сары теңіз дегеніміз не? Сары теңіз нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!