Рашид әд-Дин
Рашид әд-Дин, Фазлаллах ибн Абу-ль-Хайр Хамадани (лақап аты ат-Табиб) (1247, Хамадан, — 18 шілде 1318, Тебриз) — парсы тарихшысы және мемлекет қайраткері. Ол Құлағу ұрпағы Абаға хан тұсында (1265-1282) қызметке араласқан. 1298-1317 жылдары Иранды билеген моңғол хандары Ғазан хан мен Улжайту ханның уәзірі болды. Ғазан ханның реформасын жүзеге асырды. Медицина саласында да үлкен білімдарлық танытып, мемлекет қайраткері ретінде жан-жақты қабілеттілік көрсетті. Оның алым-салық саясаты елдің экономикасын қайта жандандыруға бағытталды. Уәзір болған кезінде ірі жер иеленушіге айналды. Он ұлы жер-жерде өз алдына билік құрды. Рашид әд-Дин діни ғұлама, энциклопедист, ғалым, дәрігер, ботаник әрі табиғаттанушы болды. Агро және құрылыс техникасы жөніндегі энциклопедия «Китаб-уль-ахи-уа-ль-асар» мен мұсылман (сүннит) теологиясы бойынша 4 трактат жазған. Оның еңбектерінің ішіндегі ең құндысы — 3 томнан тұратын бізге жетпеген тарихи деректер негізінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Рашид әд-Дин. Абу-Саид Баіадүр хан тұсында биліктен тайдырылып (1317), кейіннен Улжайту ханға қастандық жасады деген желеумен өлім жазасына кесілді. Рашид әд-Диннің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Рашид әд-Дин туралы ақпарат, Рашид әд-Дин дегеніміз не? Рашид әд-Дин нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!