Құсаиния медресесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хұсаиния медресесі — жоғары дәрежелі оқу орны.


Ресми түрде 1891 жылы Орынбор қаласында ағайынды Ахмед (1837 — 1906), Ғани (1839 — 1902) және Махмуд (1839 — 1910) Құсайыновтардың қаржысына ашылған. «Хұсаиния» медресесінің 10 жылға есептелген бастапқы оқу бағдарламасында дүнияуи пәндер басым болды. Кейін діни пәндер күшейтіліп, оқу бағдарламасы 14 жылға созылды. Алғашқы 3 сыныбы — бастауыш (ибтидаи), одан кейінгі 4 сынып — орта (рушди), кейінгі 4 сынып — жоғары дәрежелі білім алуға әзірлейтін (иғдадия) және соңғы 3 жыл — жоғары (ғалия) бөлімі болды. «Хұсаиния» медресесінде әр жылдары Р.Фахретдин, М.Бигей, З.Қадыри, Ф.Кәрими, Ж.Уәлиди, Қ.Сағди секілді түрік білімпаздары сабақ берді. Орта есеппен 120 — 130 шәкірт білім алды. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, құмық, қарақалпақ ұлтының өкілдері оқыған. 30 жыл ішінде 2 мыңнан аса мұғалім тәрбиелеп шығарды. Хұсаиния медресесі 1919 жылы Құсайыновтар атындағы Мұғалімдер институты болып қайта құрылды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 4 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құсаиния медресесі туралы ақпарат, Құсаиния медресесі дегеніміз не? Құсаиния медресесі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *