Қожакендір тұқымдасы
| Қожакендір тұқымдасы | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қожакендір | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| түрлері | ||||||||||||||
| 350 түрі белгілі |
Қожакендір тұқымдасы (Dіpsacaceae) – екі, көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Негізінен, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс Азия жерлерінде кездесетін 10 туысқа бірігетін 300-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 5 туыс, 15 түрі өседі. Биікт. 2,5 метрдей. Сабағы тік, ұшына жақын жерінен бұтақтанған, сабақсыз түрлері де кездеседі. Жапырақтары жай, түкті, өркенге қарама-қарсы орналасады. Күлтесі 4 – 5-тен біріккен ақ, қызғылт, көк, қоңыр-қызыл, сиякөк, сары түсті, иіссіз болады. Аталықтары 4, кей түрінде 2, жіпшелері өте жіңішке келеді. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, жатыны бір ұялы, бір ғана тұқым бүршігі болады. Гүлдері жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – жаңғақ. Тұқымында 30%-дай май бар. Гүлдері әдемі болғандықтан, саябақтарда сәндік үшін де өсіріледі.
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Ұшқаттар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қожакендір тұқымдасы туралы ақпарат, Қожакендір тұқымдасы дегеніміз не? Қожакендір тұқымдасы нені білдіреді?

Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!