Қосалқы сөз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қосалқы сөз, қосалқылар – негізгі сөзге жалғанып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін, жеке қолданылмайтын сөздер. Қосалқы сөз туралы алғаш зерттеген Қ. Жұбанов («Қазақ тілінің грамматикасы», 1936), оларды дәйек сөз және аяқ сөз деп екіге жіктеді. Дәйек сөздер негізгі сөздің (түбір сөздің) алдында келеді, оған грамматикалық мағына үстеп, екі түрлі жолмен жасалады. Мысалы, 1) қап-қара, әп-әдемі сөздеріндегі «қап», «әп» буындары жеке қолданылмайды, бірақ «қара», «әдемі» сөздеріне күшейтпе мағына беріп, «нағыз қара», «өте әдемі» дегенді білдіреді; 2) жеке сөз ретінде негізгі сөздің алдында қолданылып, оған қосалқы, күшейтпе мағына береді. Мысалы, өте жақсы, тым әдемі ұғымдары жақсының жақсысы, әдемінің әдемісі екенін білдіреді. Кей зерттеулерде мұндай күшейткіш мағыналы сөздер морфологиялық тұрғыдан үстеулер ретінде қарастырылады. Аяқ сөздер негізгі сөзден соң келіп, оған грамматикалық мағына жалғайды, олар да аналитикалық жолмен жасалады. Аяқ сөздер жіктеме және көмекші болып екіге бөлінеді. Жіктемелер өзара ұқсама буындар және шылау сөздер болып жіктеледі. өқсамалар қатарына шай-пай, ет-мет сөздерінің соңғы буындары жатады. Мұндай ұқсама буын тұлғалары жеке қолданыста кездеспейді. Олар негізгі сөздерге ұқсас қолдану арқылы ұғымның нақтылы мағынасын ашпай, тек соған ұқсас зат, нәрсе деген мағына береді. Көмекші қосалқы сөз қатарына көмекші етістік, көмекші есім және шылаулар жатады.

Дереккөздер

 | ]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қосалқы сөз туралы ақпарат, Қосалқы сөз дегеніміз не? Қосалқы сөз нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *