Қоректік тізбек
| Қоректік тізбек |
|---|
|

Қоректік тізбек — қоректену типімен біріктірілген организмдер жиынтығы.
Топтары
| ]- Өндіргіштер - өздігінен қоректенушілер (делдалдар жоқ, мұндай организмдер энергияны тікелей күннен немесе бейорганикалық заттарды тотықтырып алады - фотоавтотрофтар және хемоавтотрофтар).
- Фитофагтар - делдал біреу - өсімдіктер.
- Бірінші реттік зоофагтар - делдалдар екеу - өсімдіктер және фитофагтар.
- Екінші реттік зоофагтар - делдалдар үшеу - өсімдіктер, фитофагтар, бірінше реттік зоофагтар және т.б.
- Бір қоректік деңгейдегі организмның тұтынған энергиясының 10%-ы өтуі мүмкін. Қалған энергия организмнің тіршілік етуіне жұмсалады.
- Ыдыраушылар мен қалдық қоректілер - әр түрлі қоректік деңгей көрсетуі мүмкін. Қурап қалған өсімдіктерді пайдаланғанда олар екінші, фитофагтар өлігінде - үшінші, бірінші реттік өлексесінде - төртінші, т.б. қоркетік деңгей көрсетеді.
- Бір қоректік деңгеймен байланысты емес жануарлар (эврифагтар) бар. Эврифагтар қатарына адам да жатады, себебі, ол өсімдіктерді де және әр түрлі қоректік деңгейдегі жануарларды да тағамға пайдаланады.
Қоректік деңгейлер
| ]- Бірнші қоректік деңгей - жасыл өсімдіктер (өндіргіштер) .
- Екінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлар (бірінші реттік тұтынушылар).
- Үшінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар (екінші реттік тұтынушылар).
- Төртінші қоректік деңгей - екінші реттік жыртқыштар (үшінші реттік тұтынушылар).
- Шірік қоректі организмдер (ыдыратушылар) екінші деңгейден бастап барлық деңгейде кездеседі.
Дереккөздер
| ]- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Тағы қараңыз
| ]- Экологиялық жүйе
- Экологиялық пирамида ережесі
- Экологиялық пирамида
| Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Санаттар:
- Экожүйелер
- Трофиктік экологиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қоректік тізбек туралы ақпарат, Қоректік тізбек дегеніміз не? Қоректік тізбек нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!