Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі — Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық жағынан қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | |
---|---|
![]() | |
Қазақстан Президентінің туы | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | |
Құрылған уақыты | 20 қазан 1995 |
Оның алдындағы мекеме | ҚР Президентінің Аппараты |
Мекемені басқарады | Қазақстан Президенті |
Штаб-пәтері | |
Қызметкерлер саны | 450 адам (2024) |
Жылдық бюджеті | 19,3 млрд теңге (2025) |
Басшысы | Айбек Дәдебай |
Ресми сайты | |
akorda.kz |
Тарихы
1990 жылы 24 сәуірде Президент лауазымының енгізілуіне байланысты оның қызметін қамтамасыз ету үшін Президент кеңсесі (аппараты) құрылды. 1990 жылы 20 қарашада Министрлер Кеңесінің аппараты Президент аппаратына қосылды. 1991 жылдан бастап ол Президент пен Министрлер Кабинетiнiң аппараты деп атала бастады. 1994 жылы 13 сәуірде одан Президент аппараты қайта бөлінді. Жаңа Конституция қабылдануына байланысты Президент аппараты 1995 жылғы 20 қазаннан бастап Президент Әкімшілігі болып өзгертілді.
Қызметі
Негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдерін сөзсіз, мүлтіксіз және дер кезінде орындауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Президентін елдегі және шет елдегі жағдай туралы дер кезінде әрі толық хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:
- мемлекет басшысының халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін, конституциялық заңдылықтың мызғымай сақталуын, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге қатысады;
- Президенттің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын даярлауға қатысады;
- мемлекет басшысы айқындайтын еліміздің сыртқы саяси стратегиясын әзірлейді;
- сыртқы экономикалық мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды
- Қазақстан Республикасының Президентінің сыртқы саяси құзыретін протоколдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
- құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмысқа қарсы күресін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді және бақылау жасауды жүзеге асыра отырып, Президентке мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламентіне қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында оны Парламенттегі заң шығарудың жай-күйі және онда қаралатын мәселелер туралы ұдайы хабардар етіп отырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне:
- Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу туралы;
- Үкімет актілерінің күшін жою не толық немесе ішінара тоқтата тұру;
- Үкіметтің аса маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарында мемлекет басшысының төрағалық етуі;
- мемлекеттің орталық атқарушы органдарын құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сотқа өтініштерін және оның шешімдеріне мемлекет басшысының қарсылықтарын дайындауды жүзеге асырады, мемлекет басшысының оған тікелей бағынатын әрі есеп беретін мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші органдарға қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз етеді.
Президент Әкімшілігі:
- елдің аймақтық саясатының стратегиясы, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың сындарлы түрде бірлесіп жұмыс істеуі, олардың елдің орталық органдарымен, көршілес мемлекеттердің шекара маңындағы аймақтарымен өзара іс-қимылдары жөнінде болжам жасауды және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асырады;
- мемлекет басшысының әкімдермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды тұлғаларының сөзсіз және мүлтіксіз орындауына, Үкіметтің, орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың актілерінің Конституцияға, ел заңдарына, Президент актілеріне сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізетін тексерулердің нәтижелері мен олар бойынша жасалынған қорытындылар ұдайы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндалып отырады.
Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысында қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып:
- ішкі және сыртқы саяси ахуалға талдау жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының Президентінің БАҚ-пен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- мемлекет басшысының қарауына республикадағы мемлекеттік қызметтің заңдары мен жүйесін жетілдіру, кадрларды іріктеу және орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді, қызметке тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдарды рәсімдейді.
Президенттің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында:
- Президенттің азаматтық, саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын әзірлейді;
- Президентке мемлекеттік наградалармен марапаттау әрі құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- Президенттің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
- Президент бекітетін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.
Президент әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші органдарға тапсырмалар беруге хақылы, көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұратуға және алуға хақысы бар.
Құрылымы
Президент Әкімшілігінің 2025 жылғы құрылымы:
- Басшылық
- Мемлекеттік кеңесші: Ерлан Қарин
- Президент Әкімшілігінің Басшысы: Айбек Дәдебай
- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: Ғизат Нұрдәулетов
- Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі: Арман Қырықбаев
- Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі: Ержан Қазыхан
- Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі: Ержан Жиенбаев
- Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі: Қанат Шарлапаев
- Президент көмекшісі: Тамара Дүйсенова
- Президент Кеңсесінің бастығы: Бақытжан Сариев
- Президент кеңесшісі: Бауыржан Омаров
- Президент кеңесшісі: Мәлік Отарбаев
- Президент кеңесшісі: Әсел Жанасова
- Президент кеңесшісі: Ернар Баспаев
- Президент кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі: Зүлфия Сүлейменова
- Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі: Күнсұлу Закария
- Президент кеңесшісі: Қуанышбек Есекеев
- Президент кеңесшісі: Мағзұм Мырзағалиев
- Президент кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы: Руслан Желдібай
- Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары: Руслан Жақсылықов
- Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары: Мұрат Баймұқашев
- Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары: Нұржан Каджиақбаров
- Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі: Марат Әзілханов
- Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: Дмитрий Останькович
- Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: Расул Ахметов
- Құрылымдық бөлімшелер
- Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі (меңгерушісі: Ержан Сейітқұлов)
- Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі (меңгерушісі: Рақымжан Ерназар)
- Жалпы бөлім (меңгерушісі: Ербол Адаев)
- Коммуникациялар бөлімі (меңгерушісі: Қанат Құлшыманов)
- Құқық қорғау жүйесі бөлімі (меңгерушісі: Дәурен Ерғарин)
- Мемлекеттік бақылау бөлімі (меңгерушісі: Бақытжан Сапиев)
- Мемлекеттік құқық бөлімі (меңгерушісі: Айдар Жарылғанов)
- Мемлекеттік қызмет бөлімі (меңгерушісі: Руслан Тұрғаналы)
- Өңірлік даму мониторингі бөлімі (меңгерушісі: Рустам Баялиев)
- Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (меңгерушісі: Қанатбек Жайсаңбаев)
- Сыртқы саясат бөлімі (меңгерушісі: Ернар Лазар)
- Цифрландыруды дамыту бөлімі (меңгерушісі: Қуат Сандалов)
- Ішкі саясат бөлімі (меңгерушісі: Абзал Нүкенов)
- Президент Кеңсесі (бастығы: Бақытжан Сариев)
- Президенттің Баспасөз қызметі (Президенттің баспасөз хатшысы: Руслан Желдібай)
- Президенттің Протокол қызметі (бастығы: Марат Әшім)
- Президенттің Парламенттегі Өкілдігі (басшысы: Әмірбек Оспанбеков)
- Мемлекеттік кеңесшінің хатшылығы (меңгерушісі: Жанна Нұржанова)
- Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы (меңгерушісі: Берік Беркімбаев)
- Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы (меңгерушісі: Марат Әзілханов)
- Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы (меңгерушісі: Арман Әбдірәсілов)
- Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі (меңгерушісі: Марат Аймашев)
- Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі (меңгерушісі: Расул Оразғұлов)
- Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі (меңгерушісі: Александр Суханов)
- Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
- Президент Архиві (директоры: Әлия Мұстафина)
- Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (директоры: Асқар Омаров)
- Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (директоры: Жандос Шаймарданов)
Басқарған адамдар
Президент Әкімшілігінің басшылары
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетiнiң аппараты (1991–1994) | ||||
1 | ![]() | Нұртай Әбіқаев (1947 туған) | мамыр 1990 | қазан 1995 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (1995–) | ||||
1 | ![]() | Сағынбек Тұрсынов (1946 туған) | қазан 1995 | маусым 1996 |
м.а. | ![]() | Ахметжан Есімов (1950 туған) | маусым 1996 | қазан 1996 |
2 | ![]() | Оралбай Әбдікәрімов (1944 туған) | қазан 1996 | қазан 1997 |
3 | ![]() | Сарыбай Қалмырзаев (1949—2012) | қазан 1997 | қаңтар 1998 |
м.а. | ![]() | Владимир Шепель (1947—2021) | қаңтар 1998 | ақпан 1998 |
4 | ![]() | Ахметжан Есімов (1950 туған) | ақпан 1998 | тамыз 1998 |
5 | ![]() | Әлихан Бәйменов (1959 туған) | тамыз 1998 | ақпан 1999 |
6 | ![]() | Сарыбай Қалмырзаев (1949—2012) | ақпан 1999 | қаңтар 2002 |
7 | ![]() | Нұртай Әбіқаев (1947 туған) | 29 қаңтар 2002 | 10 наурыз 2004 |
8 | ![]() | Иманғали Тасмағамбетов (1956 туған) | 10 наурыз 2004 | 9 желтоқсан 2004 |
9 | ![]() | Әділбек Жақсыбеков (1954 туған) | 19 желтоқсан 2004 | 23 қаңтар 2008 |
10 | ![]() | Қайрат Келімбетов (1969 туған) | 23 қаңтар 2008 | 13 қазан 2008 |
11 | ![]() | Аслан Мусин (1954 туған) | 13 қазан 2008 | 21 қыркүйек 2012 |
12 | ![]() | Кәрім Мәсімов (1965 туған) | 24 қыркүйек 2012 | 3 сәуір 2014 |
13 | ![]() | Нұрлан Нығматулин (1962 туған) | 3 сәуір 2014 | 21 маусым 2016 |
14 | ![]() | Әділбек Жақсыбеков (1954 туған) | 21 маусым 2016 | 10 қыркүйек 2018 |
15 | ![]() | Әсет Исекешев (1971 туған) | 10 қыркүйек 2018 | 24 наурыз 2019 |
16 | ![]() | Бақытжан Сағынтаев (1963 туған) | 24 наурыз 2019 | 28 маусым 2019 |
17 | ![]() | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) | 28 маусым 2019 | 18 қыркүйек 2019 |
18 | ![]() | Ерлан Қошанов (1962 туған) | 18 қыркүйек 2019 | 1 ақпан 2022 |
19 | ![]() | Мұрат Нұртілеу (1976 туған) | 1 ақпан 2022 | 3 сәуір 2023 |
20 | ![]() | Олжас Бектенов (1980 туған) | 3 сәуір 2023 | 6 ақпан 2024 |
21 | ![]() | Айбек Дәдебай (1980 туған) | 6 ақпан 2024 | — |
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары
Президент кеңсесінің бастықтары
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы Президентінің хатшылығы (1991—1995) | ||||
1 | ![]() | Владимир Шепель (1947—2021) | 1991 | 1994 |
2 | ![]() | Алтай Тілеубердин (1949 туған) | маусым 1994 | қазан 1994 |
3 | ![]() | Владимир Шепель (1947—2021) | 1994 | 1995 |
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңсесі (1995—) | ||||
1 | ![]() | Владимир Шепель (1947—2021) | 1995 | 1996 |
2 | ![]() | Махмұд Қасымбеков (1952 туған) | наурыз 1996 | 19 наурыз 2019 |
3 | ![]() | Нұрлан Онжанов (1960 туған) | 21 наурыз 2019 | 13 маусым 2022 |
4 | ![]() | Бақытжан Сариев (1971 туған) | 14 маусым 2022 | — |
Президент протокол қызметінің бастықтары
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|---|
м.а. | ![]() | Ермек Көшербаев (1965 туған) | қаңтар 1996 | сәуір 1996 |
1 | ![]() | Қайрат Сарыбай (1966 туған) | 1996 | 1997 |
2 | ![]() | Асқар Мусинов (1961—2024) | 1997 | 1999 |
3 | ![]() | Жансейіт Түймебаев (1958 туған) | қыркүйек 1999 | 1 ақпан 2006 |
4 | ![]() | Бауыржан Байбек (1974 туған) | 1 ақпан 2006 | 25 тамыз 2009 |
5 | ![]() | Румиль Тауфиков (1974 туған) | 25 тамыз 2009 | 20 қазан 2015 |
6 | ![]() | Мәди Атамқұлов (1974 туған) | 28 қазан 2015 | 2 шілде 2021 |
7 | ![]() | Дмитрий Михно (1978 туған) | 2 шілде 2021 | 15 наурыз 2023 |
8 | ![]() | Марат Әшім (1987 туған) | 15 наурыз 2023 | — |
Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшылары
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы Өкілдігі (1995—2001) | ||||
1 | ![]() | Жолымбет Бәйішев (1954 туған) | қаңтар 1996 | қаңтар 2001 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Өкілдігі (1995—2001) | ||||
1 | ![]() | Бексұлтан Сәрсеков (1953 туған) | ақпан 1999 | қараша 1999 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігі (2001—) | ||||
1 | ![]() | Жолымбет Бәйішев (1954 туған) | қаңтар 2001 | сәуір 2002 |
2 | ![]() | Бақытжан Әбдірайым (1965 туған) | 25 сәуір 2002 | 16 наурыз 2006 |
3 | ![]() | Рахмет Мұқашев (1956 туған) | 16 наурыз 2006 | 27 тамыз 2007 |
4 | ![]() | Бақытжан Әбдірайым (1965 туған) | 31 қазан 2007 | 21 сәуір 2008 |
5 | ![]() | Асқар Бейсенбаев (1961 туған) | 29 сәуір 2008 | 26 тамыз 2013 |
6 | ![]() | Қайрат Нұрпейісов (1957 туған) | 4 қыркүйек 2013 | 18 шілде 2019 |
7 | ![]() | Бейбіт Исабаев (1962 туған) | 18 шілде 2019 | 13 қаңтар 2022 |
8 | ![]() | Әмірбек Оспанбеков (1982 туған) | 12 ақпан 2022 | — |
Дереккөздер
- Политический штаб президента Токаева
- 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
- Президент Әкімшілігінің құрылымы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі дегеніміз не? Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!