Піл оқиғасы
Піл оқиғасы – Мекке қаласының қасиеттілігінің дәлелі ретінде Құран сүресінде арнайы баяндалған хикая. Хикая бойынша қасиетті Қағбаны қиратып, зияратшылардың назарын Санд қаласында салынған пұтханаға аудару мақсатымен Иемен басшысы Әбраһа он үш пілді алға салған қалың қолмен жорыққа шығады. Құдайдың құдыретімен «әбәбил» атты топ-топ құстар әскерге қарсы тас жаудырып, оларды қырғынға ұшыратып, тойтарыс береді. Бұл оқиға Мекке мен Қағбаны ерекше қасиеттілігінің дәлелі ретінде Ислам әдебиетінде кеңінен баяндалған.
Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(Н-С) Алматы, 2005 жыл
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Піл оқиғасы туралы ақпарат, Піл оқиғасы дегеніміз не? Піл оқиғасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!