Петропавл бөгені
| Петропавл бөгені | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Ұзындығы | 30 км |
| Ені | 0,17 км |
| Ауданы | 19,2 км² |
| Ең терең жері | 6 м |
| Су алабы | |
| Су жинайтын орынның аумағы | 5 км² |
| Орналасуы | |
| 54°50′55″ с. е. 69°03′40″ ш. б. / 54.84861° с. е. 69.06111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°50′55″ с. е. 69°03′40″ ш. б. / 54.84861° с. е. 69.06111° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Петропавл бөгені — Есіл өзенінде орналасқан бөген. Петропавл бөгетінен Қарғалы аралына дейін 30 км-ге созылып жатыр, ең енді жері 170 м-ге жетеді. Су айдынының аумағы 5 км². Ең терең жері — 6 м. Бөгеннің аумағы 19,2 км². Пішіні Есілдің аңғарымен сәйкес келеді және онымен бірнеше ескі арналар байланысқан.
Бөгеннің негізгі міндеті – өзен суын реттеп отыру, Петропавл қаласын және оның кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету, Түмен облысына ағын бойымен кепілді су жіберу және санитарлық тазалықты сақтау. Петропавл гидрокешені бетон бөгеттен, шахталық су шығарудан, диаметр 600 мм құбырдан және топырақ үйіндісінен тұрады. Осы техникалық құрылыс бойынша Есіл өзені арқылы тас жол салынған.
Гидрологиялық режімі
| ]Бөген көктемде толығады. Су тасқыны басталғанша бөгет толығымен жабылады. Суы мол жылдары тасыған су бөгет жармаларынан ағып қана қоймай, айналма арна бойымен Есіл өзенінің барлық жайылмасымен лықсып ағады. Петропавл бөгенінен тұрғын халықты және облыс орталығының кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ететін Петропавл қалалық су құбыры су алады. Жеке сорғы стансасы бар Петропавл ЖЭО-2 негізгі тұтынушы болып табылады. Бақша-саяжай кооперативтері де (100-ден астам) осыдан су алады.
Жағалауында жағажай орналасқан.
Дереккөздер
| ]- «Қазақ энциклопедиясы», VII-том
- Алфавит бойынша су қоймалары
- Солтүстік Қазақстан облысы гидрографиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Петропавл бөгені туралы ақпарат, Петропавл бөгені дегеніміз не? Петропавл бөгені нені білдіреді?





Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!