Нұтфолла Шәкенов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұтфолла Шәкенов (10.11.1928, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Хамзин атындағы aуылы -11.6.1983, Алматы) - ақын.

Арғын тайпасының Бәсентиін руы Бөрі бөлімінен шыққан.

ҚазҰУ-ды бітірген (1948). 1944 - 48 жылдары республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналының бөлім меңгерушісі, 1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, 1949 - 1955 жылдары қазақ радиосы әдеби-драмалық хабарлар редакциясының бас редакторы, "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан" ) газетінің жауапты хатшысы, 1966 - 1968 жылдары Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1970 - 81 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.

Шығармашылық

 | ]

Алғашқы "Біздің жыр" атты өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. "Жүрек сөзі"(1953), "Орамал" (1956), "Шаттық желі" (ән текстері; 1958), "Айгүл" (1961), "Сақина" (1971), "Жүз ән" (ән текстері; 1973), "Бел-белес" (таңдамалы; 1975), "Белеңдер" (1979), "Жан сәуле" (1984) т.б. 30-ға тарта өлеңдер мен поэмалар жинағы бар. Шәкенов қаламынан 100-ден аса ән мәтіндері туды.

Жетістіктері

 | ]

Қазақстан Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нұтфолла Шәкенов туралы ақпарат, Нұтфолла Шәкенов дегеніміз не? Нұтфолла Шәкенов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *