Мүсілім Базарбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мүсілім Базарбаев(15.5.1927, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9.11.1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993).

ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған.

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Шығармалары:

 | ]
  • Живые традиции, А.-А., 1962;
  • Әдебиет және дәуір, А., 1966;
  • Қаһарлы жылдар жыры, А., 1968;
  • Эстетическое богатство нашей литературы, А.-А., 1976;
  • Көрікті ойдан – көркем сөз, А., 1994;
  • Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая), А., 1995;
  • Замана тудырған әдебиет, А., 1997.

Сыртқы сілтемелер

 | ]
  • ЕКТУ(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

 | ]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  2. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  3. Қазақ энциклопедиясы
  4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  5. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мүсілім Базарбаев туралы ақпарат, Мүсілім Базарбаев дегеніміз не? Мүсілім Базарбаев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *