Мұхаммед әл-Қаһир

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхаммед әл-Қаһир
араб.: محمد القاهر‎
image
933 жылы әл-Қаһир атымен шығарылған динар
Лауазымы
image
Ту
Ислам халифатының 38-ші халифасы
31 қазан 932 — 19 сәуір 934
(Лақап аты Әл-Қаһир Билләһ)
Ізашары Жағфар әл-Мұқтадир
Ізбасары Мұхаммед әр-Разы
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 900 (0900)
Бағдат, Ислам халифаты
Қайтыс болуы 950 (0950)
Бағдат, Ислам халифаты
Династия Аббас әулеті
Әкесі Әли әл-Мүктәфи
Анасы Қатул

Мұхаммед әл-Қаһир (араб.: محمد القاهر‎‎; 900, Бағдат — қазан 950, Бағдат) — Ислам халифатының 38-ші халифасы, мүміндердің әмірі.

Өмірбаяны

 | ]

Әл-Мұқтадир өлтірілген соң, Мұғнис Әбул-Аббас Ахмедтің баласын халифа ретінде тағайындағысы келді. Бірақ тым жас болғандықтан және көпшіліктің қарсы шығуынан қауіптеніп қатты қаламаса да Мұхаммед әл-Қаһир ибн Әли әл-Мүктәфиге серт берілді.

Әл-Қаһирдің мінезі нашар болатын. Халифалығының алғашқы айларын әл-Мұқтадирдің балаларын іздестіруге жұмсады. Тіпті әл-Мұқтадирдің төсек тартып жатқан анасын да азаптап, оның дүние мүлкіне қол салудан да тартынған жоқ.

Әл-Қаһир Мұғнистің әскерін де оған қарсы қоюға тырысты. Оның осындай сорақылықтарына байланысты мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалары әл-Қаһирді тақтан алыстатуға шешім шығарды. Бірақ әл-Қаһир ебіп тауып олардың барлығын өлтіреді.

Әл-Қаһир дұшпандарынан тек қана уәзір Ибн Мүклә мен Хасан ибн Һәрунды ғана орнынан алған жоқ. Бұл екеуі де әскербасыларына хат жазып, оның жамандығы мен қиянатын баяндады. Оның сарайына жасалған шабуылдың нәтижесінде әл-Қаһир қолға түсіп, өлтіріледі. Осылайша оның өлімімен бірге жамандықтары да құрыды.

Дереккөздері

 | ]
  1. Шабан Өз. Ислам тарихы — Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхаммед әл-Қаһир туралы ақпарат, Мұхаммед әл-Қаһир дегеніміз не? Мұхаммед әл-Қаһир нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *