Мұфтах Диаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұфтах Диаров (9 тамыз 1933 жылы туған, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы - 17.3.2021) – геология-минералогия ғылымының докторы (1972), профессор (1979), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Индер (Дендер) геологиялық барлау экспедициясында геолог, партия бастығы, бас геолог (1955–64), Қазақ мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1964–78), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі (1978–92), Қазақстан Ғылым Академиясы Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары (1992–97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан «Атырау–Ғылым» АҚ-ның вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері Каспий ойпатындағы бор, борлы калий тұздары кендерін іздеу, барлау мәселелеріне арналған. Диаров Дендер күмбезі өңіріндегі ірі-ірі элювийлі борат кендерін, аса ірі Сәтимола борат кенін ашушылардың бірі. Оның зерттеулері негізінде Орталық Каспий калийлі-борлы аймағы жіктелді.

Сыртқы сілтемелер

 | ]

http://www.on.kz/on/community/258/blogpost/3639/ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұфтах Диаров туралы ақпарат, Мұфтах Диаров дегеніміз не? Мұфтах Диаров нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *