Мары уәлаяты
| Уәлаят | |
| Мары уәлаяты | |
| түрікм. Mary welaýaty | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Енеді | 12 атрап, 2 қала |
| Әкімшілік орталығы | Мары |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 37°00′ с. е. 62°00′ ш. б. / 37.000° с. е. 62.000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°00′ с. е. 62°00′ ш. б. / 37.000° с. е. 62.000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Жер аумағы | 87 150 км² (4 орын) |
| Уақыт белдеуі | UTC+5 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 1,480,400 адам (2005)(1 орын) |
| Тығыздығы | 16,99 адам/км² (3 орын) |
| Ресми тілі | түрікмен |
| Сандық идентификаторлары | |
| ISO 3166-2 коды | TM-M |
| Телефон коды | 3522 |
| Автомобиль коды | MR |
| maryhakimlik.gov.tn | |
|
| |
Мары уәлаяты (түрікм. Mary welaýaty) — Түрікменстанның оңтүстігінде орналасқан уәлаяты. Жері 131,1 мың шаршы км. Әкімшілік орталығы – Мары қаласы.
Табиғаты
| ]Мары облысы Тұран ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жері бұйратты, ылдилау, солтүстігі жазық, оңтүстігі — орталық Қарақұм (биіктігі 150 м). Әмудария және Теджен өзендерінің аралығы – Оңтүстік-Шығыс Қарақұм (биіктігі 300 м). Теджен өзенінің оңтүстік-батысы Көпеттау жазығы (биіктігі 50 м-ден 350 м-ге дейін), оңтүстігін Бадхыз (биіктігі 1267 м), Қарабел (биіктігі 984 м) қыраттары алып жатыр.
Климаты континенттік, қуаң. Қаңтардың орташа температураы -2–4°C, шілдеде 28–32°C. Жылдық жауын-шашын мөлшері — 100-300 мм.
Ірі өзені — Мургаб. Бадхыз, Қарабел атырабында астық тұқымдас өлеңді өсімдіктер, Мургаб аңғарында тоғай (терек, жиде, тал, қамыс) өседі. Бадхыз қорығында пісте тоғайы және 60-қа жуық сирек кездесетін (эндемиктер) өсімдіктер кездеседі. Бөкен, қасқыр, түлкі, қабылан, құлан, т.б. аңдар мекендейді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
| ]Мары уәлаятына 9 атырап (2008-2016 жылдары Алтын саһра атырабы да болған) және 2 қала кіреді. 2 қала:
- Мары
- Байрамалы
9 атырап:
- Байрамалы атырабы
- Уәкілбазар атырабы
- Қарақұм атырабы
- Жолөтен атырабы
- Мары атырабы
- Мұрғап атырабы
- Сақаршаға атырабы
- Тақтабазар атырабы
- Түрікменқала атырабы
Шаруашылығы
| ]Мары облысы – Түрікмен КСР-індегі мақта және қаракөл қойын өсіретін басты аудан. Өнеркәсіп өнімі 1965-72 жылы 1,8 есе артты. Облыс энергетикасы жергілікті газға негізделген. Теджен, Мұрғаб өзендерінің аралығы, Шатлық, Шехитли- Джуджуклин, Май, Байрам-Али, Ислим, Карачоп кен орындарында газ өндіріледі (жалпы қоры 1 трлн куб м). Жергілікті газбен жұмыс істейтін Мары ГРЭС-і (қуаты 1970 мың квт) 1973 жылы іске қосылды. Машина жасау, металл өңдеу, бірнеше жөндеу кәсіпорындары, үй құрылысы комбинаты (Мары, Теджен, Каахка), мақта тазарту, жүн жуу, иіру-тоқу, былғары, аяқ-киім, кілем тоқу фабрикалары (Мары), май алу комбинаты, ет-сүт, шарап жасау (Мары,Байрам-Али, теджен) өнеркәсіп орындары бар. Ауыл шаруашылығының басты салалары – мақта, қаракөл қойын өсіру, жеміс шаруашылығы. Мұрғаб пен Теджен шұраттарында суармалы егіншілік басым. Мұрғаб, Теджен өзендерінің бойына бөгендер жасалған ( Ташкеприн, Колхозбент, Иолотань, Гиндукуш т. б. бөгендері), 1973 жылы облыста 116 колхоз, 21 совхоз болды. Ауыл шаруашылығы жерінің 2,7% -і (358 мың га, 1972) егістік, 65%-і мақта егісі. 1972 жылы393 мың тонна шиітті мақта, оның ішінде 172 мың тонна жіңішке талшықты мақта (республикадағы өнімнің 97%) жиналды. Егісінің 13%-і жоңышқа, 12,3%-і дәндә дақылдар. Көкініс, бақша дақылдарын да өсіреді. Бау-бақша және жүзімдік 9,3 мың га, 1973 жылы мал саны (мың): қой мен ешкі 1366, мүйізді ірі қара 140 (оның ішінде сиыр 61). Жібек шаруашылығы дамыған.
Транспорты
| ]Темір жолының жалпы ұзындығы 700 км-ден астам Мары облысы территориясы арқылы Красноводск – Теджен – Мары – Ташкент және Мары – Кушка темір жол тармағы өтеді. Автомобиль жолының ұзындығы 2528 км. Амудариядан Мары қаласына дейін кеме жүзеді.
Әлеуметтік нысандары
| ]1972/73 оқу жылында 426 мектеп, 8 кәсіптік –техника училище, 4 арнаулы орта оқу орны болды. 1972 жылы 322 кітапхана, тарихи-революциялық музей және драма театры, 239 клуб, 184 кино қондырғы, 12 пионерлер үйі болды. «Ленин байдағы» («Ленин туы»;1933, түрікмен тілінде) және «Марыйская правда» (1938 жылдан) облыс газеттері шығады. 1973 жылы Мары облысында 87 аурухана, 1 мың дәрігер жұмыс істеді. Байрам-Али курорты бар.
Дереккөздер
| ]- Среднеазиатский экономическийрайон, М.,1972.
- Түрікменстан уәлаяттары
- Мары уәлаяты
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мары уәлаяты туралы ақпарат, Мары уәлаяты дегеніміз не? Мары уәлаяты нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!