Лесбек Сейітбеков
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сейітбеков Лесбек (18.4. 1938 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) — техника ғылымы докторы (1984), профессор (1986), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1995). Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Ташкент қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және суландыру институтын бітірген (1960). 1961 — 66 ж. Жамбыл облысы шаруашылықтарында, 1966 — 91 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында, 1991 — 93 ж. Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясында қызмет атқарды, 1993 — 2003 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының директоры, ал 2003 жылдан осы институт негізінде құрылған. Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталық директорының орынбасары болды. Ғылыми зерттеулерінде мал шаруашылық өнімдерін өңдеу және екпе жайылымды қоршау технологиялары мен машиналар жасау теориясын дамытты. Жел қуатымен су көтеретін ВВ-3Т, жел қуатымен электр тогын өндіретін ВЭ-2Т, ВЭ-2, 7Т, күн қуатымен жұмыс істейтін ГЭ-300 қондырғылары мемлекеттік сынақтан өтіп, өндіріске ұсынылды. Оның тікелей басқаруымен және өзінің қатысуымен қой шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен 10 түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Олардың барлығы мемлекеттік сынақтан өтіп, Орта Азия мен Қазақстан Республикасының 250-ден астам шаруашылықтарына енгізілді. Бұл машиналардың бір үлгісі Моңғолия елінің шаруашылығында іске қосылды. Сейітбековтің басқаруымен “Агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыздандыру” мемлекеттік мақсаттағы ғылыми-техникалық бағдарламасының жеті тарауы орындалуда. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 кітап, 3 ұсыныс, 35 авторлық куәліктері мен патенттері бар. КСРО-ның Бүкілодақтық көрмесінің алтын (1983), күміс (1988), қола (1989) медальдарымен марапатталған.
Шығ.: Машины для каракулеводческих комплексов, А.-А., 1978; Механизация процессов установки постоянных изгородей на пастбищах, А., 1994; Получение биогаза из отходов животного и растительного происхождения, А., 2004; Микробиологическая анаэробная конверсия биомассы, А., 2005.
Дереккөздер
| ]- Ә.Дәуітбеков Сиқым Тоғатай шежіресі — Шымкент: ЖШС Кітап, 2015. — ISBN 978-601-7404-68-0.
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- Қазақстан ғалымдары
- Ауыл шаруашылығы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лесбек Сейітбеков туралы ақпарат, Лесбек Сейітбеков дегеніміз не? Лесбек Сейітбеков нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!