Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кванттық хромодинамика – кварктер мен глюондардың күшті өзара әсерінің кванттық өріс теориясы. Кванттық хромодинамиканың кванттық электрдинамикадан айырмашылығы, онда фермиондардың қосымша еркіндік дәрежесі – «түс» деп аталатын, үш мәнге ие кванттық сандары болады. Мұндай фермиондарды кварктер деп атайды. Әр типтің кваркі («ароматы» – u, d, s, c, b) үш «түсті» күйде бола алады; олар бір-бірімен калибрлік түрлендірулер арқылы байланысады. Кванттық хромодинамикада электрлік зарядтың (электрмагниттік өріс көзі) аналогы – «түсті» заряд. Оларды глюондық өріс тудырады. Кварктер мен глюондардың өзара әсерлесуі кезінде олардың арасында глюондар алмастырылады. Глюондардың бір-бірімен әсерлесетіндігі – олардың фотондардан өзгешелігі болып есептеледі. Мұның нәтижесінде кварктер мен глюондар бір-бірінен қашықтағанда олардың арасындағы өзара әсер күші артады. Кванттық хромодинамикалық зерттеулер 1980 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ; Т.Ә.Қожамқұлов) жүргізілуде. Кварктердің әсерлесуі жүзеге асатын стохастикалық калибрлі өріске негізделген ұйытқудың (үздікті және үздіксіз) жаңа түрінің теориясы жасалды. Кварктердің импульстік тұзақтары және олардың статистикалық модельдері электрондық есептеу машиналарының көмегімен зерттелуде. Кварктердің гаусстық стохастикалық тұйық траекторияларының теориясы құрылды.
Дереккөздер
| ] - Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
 |
|---|
| | Кванттық физика бөлімдері | |
|---|
|
Жасырын санат:
- Уикилендіруі қажет мақалалар
- Еш медиа файлы жоқ мақалалар
- Физика бойынша аяқталмаған мақалалар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кванттық хромодинамика туралы ақпарат, Кванттық хромодинамика дегеніміз не? Кванттық хромодинамика нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!