Күрделі зат
Химиялық қосылыстар, химиялық заттар — бір немесе бірнеше элемент атомдарының химиялық байланысу нәтижесінде құралған заттар.


Химиялық қосылыстар — әртүрлі химиялық реакциялар нәтижесінде алынатын заттар. Қандай жолмен және қандай жағдайда алынса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Ковалентті байланысқан атомдардан тұратын кейбір жай заттар (мысалы, азот – , оттек – және сутек – де химиялық қосылыстар қатарына жатады.
Химиялық қосылыстардың құрамы химиялық формулалар арқылы өрнектеледі, ал олардың құрылымы құрылымдық формулалармен беріледі. Бұл қосылыстар құрам тұрақтылық заңы мен еселік қатынас заңына бағынады.
Әрбір химиялық қосылыстың өзіне тән химиялық, физикалық, оптикалық және басқа да қасиеттері болады. Олар түзілгенде энергия бөлінеді немесе сіңіріледі — бұл процестер экзотермиялық немесе эндотермиялық реакциялар деп аталады.
Қосылыстың қасиеттері оны құраушы бастапқы заттардың қасиеттерінен айтарлықтай ерекшеленеді (қараңыз: Изомерия).
Химиялық қосылыстар екі негізгі топқа бөлінеді:
- Органикалық емес қосылыстар
- Органикалық қосылыстар
Қазіргі таңда ғылымда 100 мыңнан астам бейорганикалық және 3 миллионнан астам органикалық қосылыс белгілі.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Күрделі зат туралы ақпарат, Күрделі зат дегеніміз не? Күрделі зат нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!