Көтібар батыр

Көтібар Бәсенұлы (1757–1833) — Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан халық батыры. Бәсен батырдың бес баласының біреуі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсенұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1833 жылы Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.
Дереккөздер
- Дала Геркулесі. Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2008. ISBN 9965-21-804-8
- Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы. – Litres, 2020. ISBN 9785042562884
- Зердесінде Ұрпақтың - Ұжмақ Елі - "... Жазбады-ау, демесін". Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2001. ISBN 9965-00-029-8
- Тауман Төрехановтың ресми сайты, http://www.tauman-torekhanov.com, 2021 жылдың 7 қантар күні тексерілді
- "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Көтібар батыр туралы ақпарат, Көтібар батыр дегеніміз не? Көтібар батыр нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!