Көкшетау уезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уез
Көкшетау уезі
Әкімшілігі
Ел

image Ресей империясы

Кіреді

Ақмола облысы

Уездік қала

Көкшетау

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1854

Таратылған уақыты

3 қыркүйек 1928

Жер аумағы

78,9 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

155,5 мың адам (1897)

image

Көкшетау уезі — Сібір Қазақтарының аймағы, Ақмола облысы, Омбы губерниясы мен Ақмола губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Уездік орталық — Көкшетау қаласы. 1898 жылға дейін Көкшетау округі деп аталды.

Әкімшілік бөлінісі

 | ]
Болыстардың қазақша атауы Болыстардың орысша атауы Саны
ауылдар түтін
Атығай-Бағыс (Атығай руы) Кокчетавская 9 1592
Есенбақты-Керей (Майлыбалта) (Керей руы) Котуркульская 9 1730
Монтық-Қарауыл (Қарауыл-уақ руы) Восточная 6 976
Қараша-Жаулыбай (Атығай руы) Зерендинская 11 1940
Жақсылық-Есенбай (Қарауыл-уақ руы) Мизгильского 6 1095
Шамқұрша-Шоқтыбай (Атығай руы) Чалкарская 7 1134
Қошқылы-Байымбет (Атығай руы) Аиртавская И 1842
Келдіноғай (Атығай руы) Джиландинская 10 1366
Көкшетау уезі бойынша барлығы: 69 11675
image
1893 жылғы Ақмола облысы болыстарының картасы

1913 жылы уезде 13 болыс пен 8 ауыл: Александровская, Балқаш, Викторовская, Вознесенская, Гавриловская, Дмитриевская, Қазан, Каменская, Константиновская, Кривоозерная, Макинская, Николаевская, Павловско-Подрогодная болыстары және Ақанбұрлық, Арықбалық, Зеренді, Көкшетау, Қатаркөл, Лобаново, Сандықтау, Щучинск болды.

1926 жылы 17 болыс: Ақанбұрлық, Балқаш, Бостандық (орталығы - Көкшетау қ.), Володар, Восточная (орталығы - Көктөбе мекені), Жыланды (орталығы - Ақанбұрлық а.), Көкшетау, Красная (орталығы - Қазан а.), Красноармейская (орталығы - Сухотинское а.), Крестьянская (орталығы - Көкшетау қ.), Макинская, Октябрьская (орталығы - Қарасей а.), Ортақшылар (орталығы - Қазан а.), Рузаевская, Советская (орталығы - Николаевское а.), Щучанская, Еңбекшілдер (орталығы - Щучинское а.) болды.

Тарихы

 | ]

Көкшетау округі Ақмола облысы құрамында 1854 жылы құрылды. 1898 жылы Көкшетау уезі болып өзгертілді. 1918 жылы Ақмола облысы Омбы облысы, ал 1919 жылы Омбы губерниясы деп аталды. 1921 жылы Көкшетау уезі Қырғыз АКСР Ақмола губерниясына берілді, онда 1928 жылы жойылғанға дейін болды.

Тұрғындары

 | ]

1897 жылғы халық санағы бойынша уезде 155,5 мың адам тұрды.

Оның ішінде:

  • қазақтар — 50,8 %;
  • орыстар — 31,0 %;
  • украиндар — 12,4 %;
  • мордвалар — 4,3 %;
  • татарлар — 1,0 %.

Көкшетау уездік қаласында 4962 адам тұрды.

Арғындар — қазақ халқының 82% (Атығай, Қарауыл).

Дереккөздер

 | ]
  1. 1887 ж. Ақмола облысының ескерткіш кітабы. Омбы, 1887. Қосымша, б. 33-34 (Құрастырушы С.М. Пресняков)
  2. Волостныя, станичныя, сельскія, гминныя правленія и управленія, а также полицейскіе станы всей Россіи съ обозначеніем мѣста ихъ нахожденія — Кіевъ: Изд-во Т-ва Л. М. Фишъ, 1913.
  3. Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштердің анықтамалығы
  4. По материалам книги Востров В. В., Муканов М. С. «Қазақтардың тайпалық құрамы мен отырықшылығы (XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басы)», Издательство «Наука» Казахской ССР, Алматы, 1968, 256 б.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Көкшетау уезі туралы ақпарат, Көкшетау уезі дегеніміз не? Көкшетау уезі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *