Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев (2 қазан 1923, Алматы облысы, Қаратал ауданы — 6 қазан 1986, Алматы) — жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.
Кемел Тоқайұлы Тоқаев | |
Туған күні | 2 қазан 1923 |
---|---|
Туған жері | Қаратал ауданы, Алматы облысы |
Қайтыс болған күні | 6 қазан 1986 (63 жас) |
Қайтыс болған жері | Алматы |
Азаматтығы |
|
Мансабы | жазушы |
Жанры | пьеса, детектив |
1930-жылдардың басында қазақ даласында ұжымдастыру саясаты салдарынан ашаршылық басталды. Кемелдің әкесі Тоқа отбасының амандығы үшін оңтүстікке көшуге шешім қабылдайды. Осылайша, аштықтан қашқан Кемелдің отбасы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласына қоныс аударады.
Алайда Тоқаевтар отбасының қиындықтары мұнымен аяқталған жоқ. Көшкеннен кейін Кемелдің анасы сал болып қалады. Бір күні Кемел мен оның ағасы Қасым азық-түлік іздеп қалаға кетеді. Жолда оларды жұпыны киінгені үшін милиция ұстап алып, түсініктемелеріне қарамастан, балалар үйіне тапсырады. Осылайша, ата-анасы тірі болса да, 1932 жылдан бастап ағайынды балалар балалар үйінде тәрбиеленеді. Сол уақытта олардың қарындасы қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болады – сал болған анасы оған көмектесе алмай қалады, кейіннен анасы да көз жұмады. Әкелері Тоқа күйзелістен кейін үйден кетіп, одан кейін ол туралы ешқандай дерек болмайды (бұл жайттарды Қасым мен Кемел кейіннен біледі).
Біраз уақыт өткен соң, оларды Шымкент қорғасын зауыты жанындағы жетім балаларға арналған интернатқа ауыстырады. Сол жерде олар мектепті тәмамдап, аттестат алады. Аттестаттағы «шығу тегі» деген жолда Кемел Тоқаев «кедей» деп, ал «отбасылық жағдайы» – «толық жетім» деп жазылған.
1939 жылы Кемелдің үлкен ағасы Қасым интернат пен фельдшерлік училищені аяқтап, Свердловскіге кіші офицерлер курсына жіберіледі, ал 1941 жылы соғысқа қатысады. Ол 1942 жылы 22 ақпанда Калинин майданында қаза тауып, Тверь облысы, Ржев ауданы, Трубино ауылы маңындағы бауырластар зиратына жерленеді.
1942 жылы соғысқа 18 жастағы Кемелдің өзі де аттанады. Ол 7-гвардиялық танк полкінде қызмет етеді. Осы уақытта ол орыс тілін меңгереді. 1945 жылы 21 қаңтарда Польша аумағындағы шайқастарда Кемел Тоқаев оң жақ сирағынан жарақат алады. КСРО Қорғаныс халық комиссариатының 1942 жылғы №386 бұйрығына сәйкес, Кемел Тоқаев «әскерде қызмет етуге жарамсыз» деп танылады. Кейінірек Кемел «Солдат соғысқа кетті» атты кітап жазып, соғыс кезіндегі азап пен қиыншылықтарды баяндайды.
Жарақат алғаннан кейін ол Беларусь, Омбы және Алматыдағы эвакогоспитальдарда емделеді. Болашақ жазушының аяғын кесіп тастау қаупі төнеді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қалып, Кемел қайта жүруді үйренеді. Ақыры Кемел Тоқаев ІІ топ мүгедегі болып, үйсіз, білімі мен жұмысы жоқ болып қалады.
Соғыстан кейін, 1945 жылы Кемел Тоқаев әскери формада, балдақпен Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі.
1952 жылы Кемел Тоқаев Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген Тұрар Шабарбаеваға үйленеді.
1954 жылы Кемел Тоқаевтың алғашқы жинағы – «Жұлдызды жорық» жарық көреді. 1970-жылдары Кемел Тоқаев милиция қызметкерлері мен қарсы барлау органдары туралы бірнеше кітап шығарады. Оның «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Көмескі із», «Таңбалы алтын», «Түнде атылған оқ» атты кітаптары халық арасында танымалдылыққа ие болды. Осы шығармаларымен және деректі зерттеулерімен Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалады. Сонымен қатар, жазушы сирек архивтік деректерді іздеумен де айналысты, бұл қызметі үшін мемлекеттік қызметінен айырылды.
- Белгілі жазушы және журналист Кемел Тоқаев 1986 жылдың қарашасында қайтыс болды.
Отбасы
- Жұбайы - Тұрар Шабарбаева (1931—2000)
- Балалары: ұлдары - Қасым-Жомарт, Бақыт және Қанат; қыздары - Қарлыға мен Қарлығаш
Қызмет жолы
- 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
- 1948 жылы оқуын аяқтағаннан кейін, ол бірқатар беделді газеттерде қызмет атқарады. 1948 жылдың шілдесінен 1949 жылдың ақпанына дейін Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» газетінде әдеби қызметкер болады.
- 1949 жылы дәрігерлердің кеңесімен Алматыға қоныс аударып, 1949 жылдың ақпанынан 1953 жылдың ақпанына дейін «Лениншіл жас», кейін «Жас Ұлан» (қазіргі «Жас Алаш») редакциясында «студент жастары» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
- 1953 жылы дүниеге келген ұлына ағасы Қасымның құрметіне Қасым есімі беріледі [3]. Болашақ Қазақстан Президентінің есімінің екінші бөлігі – Жомарт (кең пейілді, жомарт жан) – анасының ұсынысы бойынша қойылады .
- 1953 жылдың ақпанынан 1956 жылдың желтоқсанына дейін Кемел Тоқаев «Қазақстан пионері» (ҚазПионер) газетінің редакторы болып қызмет атқарады.
- 1956 жылдың желтоқсанынан 1960 жылдың мамырына дейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшысының орынбасары, ал 1957 жылдың мамырынан бастап – жауапты хатшысы болады.
- 1960–1977 жылдары ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің «Ведомостар» газетінің бас редакторы болып қызмет етеді.
- 1980–1984 жылдары Кемел Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.
Марапаттары
- Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері
- екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі
- басқа көптеген медальдар
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары
- КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы
- КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісі
- Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980).
Шығармалары
- Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
- «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Кітаптары
- Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954;
- Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;
- Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975;
- Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976;
- Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976;
- Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976;
- Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
- Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977;
- Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981;
- Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983;
- Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.
Дереккөздер
- КЕМЕЛ ТОҚАЕВ
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кемел Тоқаев туралы ақпарат, Кемел Тоқаев дегеніміз не? Кемел Тоқаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!