Кембридж университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кембридж университеті
image
image
Ұраны:
Hinc lucem et pocula sacra (Latin), Literal: From here, light and sacred draughts
Non-literal: From this place, we gain enlightenment and precious knowledge
Университет атауы
Шынайы аты University of Cámbridge
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1209
Орналасуы
Орналасқан жері Кембридж
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Сайты www.cam.ac.uk
image Басқа мағыналар үшін Кембридж (айрық) деген бетті қараңыз.

Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 жылы Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғасырда Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669–1702 жылдары Исаак Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 жылы Кембридж университетінде Чарльз Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж бар. Оның әрқайсысының өз кітапханалары жұмыс істейді. Әр колледжде әр түрлі факультеттерден 300 – 400 студент оқиды. Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады. Кембридж университетітінде 600-ден астам ғылыми қызметкер мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет 25 мамандық бойынша ғылыми атақ береді. 2000–2001 жылдары Кембридж университетінің барлық колледждерінде 16 мың студент және 400 біріктірілген топта аспиранттар оқыды. Кембридж университеті ғалымдарының ғылыми жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған.

Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан. Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды. Тіпті, өзінің басты қарсыласы саналатын Гарвард университеті де қалып қойды. Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады. Әлемнің 15000-нан астам ғалымдары Кембридж университетін ғылыми зерттеу жоғары дәрежеде жүргізетін көшбасшы оқу орны деп таныды. Екі жыл қатарынан жаратылыстану ғылымдары саласында көш бастаса, Arts & Humanities бөлімі бойынша тек Оксфорд университетін алға жіберді, ал медицина саласы бойынша Гарвардтан қалады. Social Sciences бөлімінде – үшінші болса, Technology & Engineering-да әлемде 4 орында.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кембридж университеті туралы ақпарат, Кембридж университеті дегеніміз не? Кембридж университеті нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *