Камал Қармысов
| Камал Қармысов | |
Қармысов "Менің арманым" (1966) фильмінде | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 24 сәуір 1912 |
| Туған жері | Беріктас ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақстан |
| Қайтыс болған күні | 21 мамыр 1991 (79 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актер |
| Белсенді жылдары | 1941 — 1989 жылдар |
| Марапаттары |
|
Камал Қармысов (24 сәуір 1912, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас - 21 мамыр 1991, Алматы) — кино және театр актері, Қазақстан халық артисі (1957).
Өмірбаяны
| ]Камал Қармысов 1912 жылдың 24 сәуірінде қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген.
1927 жылы Қармысов Алматы сауда қызметкерлері клубының драмалық үйірмесіне белсене араласты.
1929 жылы Ташкенттегі Орта Азия университеттінде оқуын бітірді.
1930 жылы Риддер жұмысшы-жастар театрын ұйымдастыруға қатысты.
1931 жылы Камал Қазақ ақадемия-драмалық театрының құрамына қабылданады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Ойнаған рольдер
| ]Қармысов - кейіпкердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, оның ішкі жан дүниесімен шебер шендестіре білген актер. Әсіресе, өткір мінезді, сатиралық рольдердің шебері болған. Ол Керім (М.Әуезов пен Л.Соболевтің "Абайында"), Қозы, Жантық (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сүлуында"), Төлеген Тоқтаров (Әуезов пен Ә.Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Гасфорт (Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Қаражан (О.Бөкейдің "Құлыным, меніңінде"), т.б. бар. Қармысов орыс және шетел классик, шығармаларында көп ойнады. Атап айтсақ, Барон (М.Горьқийдің "Шыңырау түбіндесінде"), Хлестақов (Н.В. Гогольдің "Ревизорында"), Гарпагон (Ж.Мольердің "Сараңында"), Яго (У.Шекспирдің"Отеллосында"),т.б. бар.
1945 жылдан бастап киноға түскен, олардың арасындағы ең белгілі рөлдері: Оспан ("Абай әні", 1945), Жантақ ("Махаббат дастаны", 1954), Әлімхан ("Дала қызы", 1954), т.б.
Фильмографиясы
| ]| Атауы | Жанры | Түскен жылы | Рөлі |
|---|---|---|---|
| Түнгі сарын | Спектакль | 1935 | Нұрқан |
| Ревизор | Спектакль | 1936 | Хлестаков |
| Жаздық махаббат | Спектакль | 1937 | Федор Швандя |
| Отелло | Спектакль | 1939 | Яго |
| Ақан сері-Ақтоты | Спектакль | 1942 | Сердалы |
| Намыс гвардиясы | Спектакль | 1942 | Төлеген Тоқтаров |
| Асауға тұсау | Спектакль | 1943 | Транио |
| Абай әндері | Фильм | 1945 | Оспан |
| Шыңырау түбінде | Спектакль | 1946 | Барон |
| Сараң | Спектакль | 1952 | Гарпагон |
| Махаббат дастаны | Фильм | 1954 | Жантақ |
| Дала қызы | Фильм | 1954 | Әмірхан |
| Іштарлық | Спектакль | 1955 | Келіман |
| Біздің сүйікті дәрігер | Фильм | 1957 | Сиқыршы |
| Майра | Спектакль | 1957 | Дүрбіт |
| Айман-Шолпан | Спектакль | 1960 | Жарас |
| Сәуле | Спектакль | 1961 | Сірдақ |
| Тұлпардың ізі | Фильм | 1964 |
Марапаттары
| ]- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1980).
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені.
- "Халықтар достығы" медалі.
- "Құрмет белгісі" ордені.
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Pages with image sizes containing extra px
- 24 сәуірде туғандар
- 1912 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар
- 21 мамырда қайтыс болғандар
- 1991 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- Қазақстан актерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Камал Қармысов туралы ақпарат, Камал Қармысов дегеніміз не? Камал Қармысов нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!