Ғұбайдолла хан
Ғұбайдолла хан — 1821-1824 жылдары билік еткен Орта жүз ханы, Көкшетау өңірінің аға сұлтаны әрі Уәли ханның ұлы.
Ғұбайдолла хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1821 — 1824 | ||
Ізашары | Уәли хан | |
Ізбасары | Кенесары хан | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 1770 Қазақстан | |
Қайтыс болуы | 1856 | |
Династия | Шыңғыс әулеті | |
Әкесі | Уәли хан | |
өңдеу ![]() |
Басқаруы
1821 жылы Орта жүздің би-батырлары Ғұбайдолланы хан етіп сайлады. Ал патша үкіметінің қазақ даласына қатысты өз жоспары болды. 1824 жылы ол Қытай елшілерін қабылдауы қажет болатын. Патша жасақтары кездесу болатын жерде Ғұбайдолланы, Торайғыр бимен бірге тұтқындап, хандық атақтан бас тартуға мәжбүр етті. Сол жылы ол Көкшетау аймағына аға сұлтан болды. Немере інісі Кенесарыны қолдағаны үшін 1838 жылы Ғұбайдолланы итжеккенге — Сібірдің Березов — Қайыңтұра қаласына жер аударды. Ол тек 1847 жылы ғана немере інісі Кенесары хан қайтыс болған соң қазақ жеріне қайта оралды.
Дереккөздер
- Абылай хан ұрпақтары
- Ғұбайдолла хан Кенесары ханның жақтасы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ғұбайдолла хан туралы ақпарат, Ғұбайдолла хан дегеніміз не? Ғұбайдолла хан нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!