Ғаламның жасы
| Физикалық космология |
|---|
| Жойқын жарылыс • Ғалам Ғаламның жасы Ғалам хронологиясы |
| Алғашқы ғалам
|
| Кеңеюі • Болашағы
|
| Құрамы • Құрылымы
|
| Эксперименттер Dark Energy Survey • Illustris • BOOMERanG • COBE • SDSS • WMAP • Планк (телескоп) • 2dF ғарыштық қызылға ығысуды тексеру |
| Космолог ғалымдар Марк Ааронсон • Р. А. Алфер • Ханнес Альвен • Сомнат Бхарадвадж • Р. В. Вильсон • Галилей • Георгий Гамов • Алан Гут • Виллем де Ситтер • Роберт Дикке • Яков Зельдович • Кеплер • Коперник • Жорж Леметр • Андрей Линде • Джон Мазер • Ньютон • А. А. Пензиас • Вера Рубин • Джордж Смут • Алексей Старобинский • Пол Стейнхардт • Рашид Суняев • Ричард Толмэн • Александр Фридманн • Эдвин Хаббл • Карл Шварцшильд • Брайан Шмидт • А. С. Эддингтон • Альберт Эйнштейн • Юрген Элерс • Дж. Ф. Эллис |
| Тарихы
|
| |
Ғаламның жасы (ағылш. Age of the universe) — Физикалық космология бойынша, Жойқын жарылыстан кейін өткен ғаламның космологиялық уақыты. Қазіргі ғаламның жас шамасы Лямбда-CDM моделі бойынша 13.8 млрд жыл (2015 ж.) және 13.787 ± 0.020 млрд жыл (2018 ж.). Өте ұқсас нәтиже берген бірқатар зерттеулер арқылы өлшеу анықсыздығы 20 млн жылға дейін қысқарды. Олардың қатарында Планк ғарыш аппараты (Planck spacecraft) байқаған Ғарыш микротолқынды фон радиациясы, Уилкинсон микротолқынды анизотропты бақылауы және басқа ғарыштық бақылаулары кіреді. Ғарыштық фон радиациясын өлшеу ғаламның Жойқын жарылыстан бергі суу кезеңін анықтаға көмектесіп, ғаламның кеңею жылдамдығын (қызылға ығысу) өлшеу бойынша кері экстраполяция жасаап, ғалам жасын есептеуге болады.
Түсіндірілуі
| ]Лямбда-CDM моделі бойынша, ғалам эволюциясы біртұтас, ыстық, тығыз бастапқы күйден қазіргі күйге дейін 13,8 млрд жылдық космологиялық уақытты бастан кешірді деп сипаттайды. Бұл модель теориялық тұрғыдан түсінуге ыңғайлы және WMAP сияқты жоғары дәлдіктегі астрономиялық бақылаулардан үлкен қолдау тапты. Дегенмен, алғашқы күйден келіп шығу теориялары өте жорамалды болып есептеледі. Егер біреу Лямбда-CDM моделін түсінікті алғашқы күйден кері шегерсе, ол тез (секундтың аз бөлігінде) сингулярлыққа (singularity) жетіп барады. Бұл "Бастапқы сингулярлық" немесе "Жойқын жарылыс сингулярлығы" ретінде белгілі. Сингулярлықты физикалық мағынада түсіну мүмкін емес, бірақ ол физикалық өлшенетін уақытқа сәйкес келмесе де, оны "Жойқын жарылысқа дейінгі" уақыт өлшемі деп есептеу ыңғайлы. Мысалы, "жойқын жарылудан 10-6 секунд бұрын" - бұл ғалам эволюциясы дәуірлерін жақсы түсіндіреді. Егер біреу сол дәуірді "13,8 миллиард жыл, минус 10-6 секунд бұрын" деп атаса, онда мағынаның дәлдігі жоғалады, өйткені кейінгінің минустық уақыт интервалы алдынғының анықсыздығының шектеуіне ұшырайды.
Теориялық тұрғыда ғалам жасы тіпті де ұзақ болса да, Халықаралық астрономиялық одақ бойынша, қазір "ғалам жасы» деп Лямбда-CDM кеңеюінің ұзақтығын, немесе бақыланатын ғаламның Жойқын жарылыстан бергі өткерген уақытын айтады.
Дереккөздер
| ]- Lawrence, C. R. Planck 2015 Results (18 March 2015). Тексерілді, 24 қараша 2016.
- Planck Collaboration (2018). Planck 2018 results. VI. Cosmological parameters (See PDF, page 15, Table 2, Age/Gyr, last column).. arXiv:1807.06209.
- Bennett, C.L. (2013). "Nine-Year Wilkinson Microwave Anisotropy Probe (WMAP) Observations: Final Maps and Results". The Astrophysical Journal Supplement Series 208 (2): 20. arXiv:1212.5225. Bibcode 2013ApJS..208...20B. doi:10.1088/0067-0049/208/2/20. ISSN 0067-0049.
- Cosmic Detectives. European Space Agency (2 April 2013). Тексерілді, 15 сәуір 2013.
- Chang, K.. Gauging Age of Universe Becomes More Precise*Ғарыш өлшенген жасы тіпті де дәл болды, The New York Times (9 March 2008).
- Космология
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ғаламның жасы туралы ақпарат, Ғаламның жасы дегеніміз не? Ғаламның жасы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!