Ғабдіман Игенсартов

Ғабдіман Игенсартов (12.3.1902, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 2.15.1976, Қарқаралы қаласы) – Қазақстанның халық ақыны (1962).
Өз бетінше сауатын ашқан. 1927 – 28 жылдары Темірші болысы жалшылар комитетінің, 1928 – 30 жылдары Қарқаралы округтік атқару комитетінің төрағасы болған. 1930 – 56 жылдары Қарағанды облысының кеңес органдарында, шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдары көмір кеніштерінде жұмыс істеді. Қарағанды облысы “Советтік Қарағанды” (қазіргі “Орталық Қазақстан”), Қарқаралы ауданы “Коммунизм таңы” газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі болды. Игенсартов өлеңдері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап жарияланған. “Ақ қошқардың жоқтауы” өлеңі (1930), “Ақ бидай” (1934) поэмасы Семей облысы “Екпінді” (қазіргі “Семей таңы”) газетінде жарияланды. “Лавадағы өмір” (1949, 1985), “Шахтер сөзі” (1953), “Шынар” (1961), “Арман” (1964), “Тың дала” (1968), “Айдар Әбек” (1970) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Қарқаралы қаласының орталық көшелерінің бірі Игенсартов есімімен аталады.
Дереккөздер
| ]- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Қазақстан жазушылары
- Қарқаралы ауданында туғандар
- 1902 жылы туғандар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ғабдіман Игенсартов туралы ақпарат, Ғабдіман Игенсартов дегеніміз не? Ғабдіман Игенсартов нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!