Франц-Иосиф жері
| Франц-Иосиф жері | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Аралдар саны | 192 |
| Ірі аралы | Георг жері |
| Жалпы ауданы | 16 134 км² |
| Ең биік нүктесі | 620 м |
| Тұрғындар | 0 адам |
| Орналасуы | |
| 81° с. е. 55° ш. б. / 81° с. е. 55° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 81° с. е. 55° ш. б. / 81° с. е. 55° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Солтүстік Мұзды мұхиты |
| Ел | |
| Аймақ | Архангельск облысы |


Франц-Иосиф жері — Баренц теңізінің солтүстігіндегі топарал. Әкімшілігі жағынан Ресейдің Архангельск облысына қарайды. Аудандық 16,1 мың км. Франц-Иосиф жері кең әрі терең бұғаздар арқылы үш бөлікке бөлінеді: Шығысы басқалардан Австрия бұғазы арқылы бөлінген. Ірі аралдары — Вильчек жері, Греэм-Белл және Ла Ронсьер; Орталығы Австрия бұғазы мен Британ каналының аралығында, аралдардың көпшілігі осында; Батысы— Британ каналынан батысқа қарай, мұнда Франц-Иосиф жеріндегі ең ірі арал — Георг Жері мен Александра жері орналасқан. Топаралдың 90%-ын мұздықтар алып жатыр. Ең биік жері — Винер-Нойштадт аралында (620 м). Франц-Иосиф жерінің жер бедері — базальт жабындылардан тұратын тілімделген үстірт; жағалаулары — бұғаз суымен шайылған құламалы жартастар. Юра кезеңінен қалған қоңыр көмір қабаттарының шөгінділері кездеседі. Климаты мұхиттық, суық. Қаңтардың орташа температурасы –24°С, шілдеде — 1,5 — 0,7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері- 500 — 700 мм, көбіне қар түрінде түседі. Жазда мұздан босаған аумақтарда грунт 40 см-ге дейін ериді. Өсімдік түрі мардымсыз — мүк, қына, полюс көкнәрі, полюс талы, тасжарған өседі. Жануарлардан ақ аю, полюс түлкісі, суларында итбалық, теңіз қояны, морж мекендейді, оңтүстігінде құс базары кездеседі. Франц-Иосиф жерін 1873 ж. К.Вайпрехт және Ю.Пайер басқарған Австрия-Венгрия экспедицияны ашып, Австрия императоры Франц-Иосифтің есімін берген. Топарал 1926 ж. КСРО аумағына енді.
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Алфавит бойынша топаралдар
- Франц-Иосиф жері
- Ресей аралдары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Франц-Иосиф жері туралы ақпарат, Франц-Иосиф жері дегеніміз не? Франц-Иосиф жері нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!