Фолий қышқылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фолий қышқылы (ағылш. Folic acid, CAS-код 59-30-3, брутто-формуласы C19H19N7O6) — В тобындағы витамин (Вс, В9), сары түсті кристалдық зат, суық суда және спиртте нашар ериді, ал ацетон мен хлороформда мүлдем ерімейді. Бұл дәруменде екі бос карбоксил топтары болғандықтан, сілтілі металдармен әрекеттескенде тұздар түзе алады. Жарықтың әсерінен ол өзінің түрлі құрамды бөліктеріне дейін ыдырайды.

image
Фолий қышқылының формуласы

Шөжелердің жақсы өсуі үшін ашытқыда, жоңышқада жəне басқа да жасыл өскмдіктерде кездесетін бір заттың қажет екені 1938ж. анықталды. Осындай ауыстырылмайтын заттарға саумалдық жапырақтары бай болады. Өзі де сол жапырақтардан бөліп алынып, "фолий қышқылы" (латынның folium – жапырақ деген сөзінен шыққан) деп аталады.

Химиялық құрылымы жəне қасиеті

 | ]

Фолий қышқылының молекуласы "птерин мен пара-аминобензой қышқылының" (Н1 витамині) сақиналарынан жəне "глутамин қышқылынан тұрады." Птерин мен п-аминобензой қышқылынан құралған қосылыс птерое қышқылы деп аталады, ол қосылыс глутамин қышқылымен əрекеттеседі де, фолий қышқылы витаминін (птероиглутамин қышқылын) береді. Фолий қышқылы - ақшыл-сары түсті ұнтақ, жапырақшаланып, үшкірлене кристалданады. Сілтілік ерітінділерде жəне қышқыл су ерітінділерінде жақсы ериді, бейтарап суда еруі шамалы ғана. Табиғи өнімдерде фолий қышқылы жарықтың əсеріне төзімді келеді.

Биологиялық қызметі

 | ]

"Тетрагидрофоли қышқылы (тетрагидрофолат)" B9 витаминінің активті түрі, "комферменттік қызмет атқарады", фолаттық конфермент түзеді. ТГФК сүтқоректі жануарлардың көпшілігіне, солардың ішінде адамға да қажет.

Қазіргі уақытта фолий қышқылын синтетикалық жолмен көптеп өндіреді, ал оның физиологиялық активтілігі жағынан табиғи түріндегі дәруменнен ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл дәруменнің ағза тіршілігінде, әсіресе құстарда атқаратын биологиялық рөлі зор. Сондықтан да фолий қышқылы жетіспегенде құстардың өсуі мен дамуы күрт төмендейді, олардың қауырсындарының пайда болуы бұзылады, ал жануарларда қатерлі анемия байқалады.

image

В дәрумені пурин синтезіне қатысатындықтан, ол жеткіліксіз болса, нуклеин қышқылдары — ДНҚ мен РНҚ-ның түзілуі нашарлайды.

Бұл дәруменнің тағы да бір биологиялық активті түріне 5, 6, 7 – тетранидрофолий қышқылы жатады. Ол бір көміртекті сияқты қалдықтарды тасымалдауда үлкен рөл атқарады. Тетрагидрофолий қышқылының сақинада 5-жағдайда тұрған азоттың формильден қалдықпен қосылысын фолин қышқылы деп атайды. Сонымен қатар, N5 — N10 – метилен және М5 — N10 – метенил тетрагидрофолий қышқылдары белгілі. Олар кофермент есебінде холин, тимин, серин, формиат және т.б. фераметативтік синтезге қатысады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Фолий қышқылы туралы ақпарат, Фолий қышқылы дегеніміз не? Фолий қышқылы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *