Есір Айшуақұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Есір
Толық аты

Есір Айшуақұлы

Туған күні

1840 (1840)

Туған жері

Маңғыстау ауданы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1904 (1904)

Қайтыс болған жері

Маңғыстау ауданы, Ресей империясы

Мемлекет

image Ресей империясы

Мамандықтары

күйші, домбырашы

Аспаптары

домбыра

Жанрлары

фольклорлық музыка

Есір Айшуақұлы (1840, Маңғыстау ауданы, — 1904, сонда) — күйші, домбырашы.

Шығармашылығы

 | ]

Жас кезінен Абылды ұстаз тұтқан. 1873 жылы Ресей империясының Форт Александровскіден (қазіргі Форт-Шевченко) Хиуаға аттанған жаулаушы әскері қару-жарақ тиеу үшін осы сапарға Маңғыстау елінен 90 түйе мен 9 түйеші алады.

Қатерлі сапарға түйеші болып еріксіз аттанған Есір елімен қоштасып, “Қос айырған” күйін шығарады. Сол жолы көрген азап-бейнетін ол “Тоғыз түйеші” күйінде бейнелеген. Ресей әскері түйешілерді “Геок-Тепе” (Көктөбе) деген жерден қайтарып, елге аман оралған Есір қуаныш, сағыныш сезімін “Ақжарма” күйімен өрнектейді. “Көктөбе”, “Манатау” күйлерін де сол сапарда шығарған. Есірдің бұлардан басқа “Жалдығара”, “Әлди, бөпем”, Күнтай”, “Шоқай төре”, “Ақжелең”, “Сайға бұқтым”, “Әләу, мейрам”, т.б. күйлері бар.

Оның туындылары ел тарихының елеулі кезеңдерін күй тілінде сөйлеткен.

Шәкірттері

 | ]

Есір күйлері С. Шәкіратов, Р. Айдарбаева, М. Өскенбаев, Қ. Ахмедьяров сияқты белгілі өнер шеберлері орындауында күйтабаққа жазылған.

Есте қалдыру

 | ]

Күйші жерленген Жыңғылды ауылыындағы орта мектеп Есір атымен аталады. 1990 ж. Есірдің Құтан әулие қорымындағы бейітінің басына ескерткіш-белгі және күйшінің мүсіні орнатылды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Есір Айшуақұлы туралы ақпарат, Есір Айшуақұлы дегеніміз не? Есір Айшуақұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *