Ертіс шебі
Ертіс шебі
| ]Ертіс шебі – 18 ғасырдың 1-жартысында патшалық Ресейдің қазақ даласын біртіндеп отарлау саясатына орай салған бекіністері. Оның құрамына Ямышев (1715), Омбы (1716), Железин (1717), Семей (1718), Өскемен (1719-1720), Семияр (1720) бекіністері енді.
Ұзындығы
| ]Шептің жалпы ұзындығы 920 шақырым болды.
Киндерман сөзі
| ]Сібір әскерінің қолбасшысы генерал Киндерман 1745 жылы Ресей патшалығына жолдаған рапортында «Бірінен-бірі 15 – 20 шақырымдай жерде тұратын бекіністер мен күзет орындарының тізбегі шепке қаһарлы бейне береді» деп жазған. Алайда 1742 жылы осы «қаһарлы шеп» басшылығы 40 мың жоңғар әскерінің Семияр мен Семей бекіністері аралығынан Сарыарқаға қарай өтуіне жол берген.
Кеңейюі
| ]Ертіс шебі жаңа бекіністер, форпостар салу арқылы кеңейе берді. 1847 – 1854 жылдары Ертіс шебі Семейден Сергиополь (Аягөз) арқылы оңтүстікке – Верный бекінісіне (Алматы) ұласты.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ертіс шебі туралы ақпарат, Ертіс шебі дегеніміз не? Ертіс шебі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!