Достастық кубогы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достастық кубогы
image
Мемлекет

ТМД

Қаланған

1993

Таратылған

2016

Атағы ең көп

image Спартак (Мәскеу) (6 титулы бар)

Футболдан Достастық кубогы — Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердегі ұлттық біріншіліктерде чемпион атанған клубтар бас қосқан қыстық турнир. 1993-2011 жылдары ұйымдастырылды. 2011-16 жылдары жастар құрамасы шақыртылды.

Тарихы

 | ]

Кеңес Үкiметi ыдырағаннан кейiн олардың арасындағы байланысты ұстап қалудың неше түрлi жолдары қарастырыла бастағаны белгiлi. Футболдан Достастық елдерiнiң арасында бiр турнир болуы керек екенiн ескерген ТМД футбол федерациясы 1992 жылдың шiлдесiнде жыл сайын Достастық елдер чемпиондарының кубогы өткiзiлiп тұрады деп шештi. Ал, негiзi Достастық кубогының «туған күнi» деп 1993 жылдың 25 қаңтарын айтуға болады. Себебi, дәл сол күнi әзiрбайжандық «Нефтчи» мен латвиялық «Сконто» матчы арқылы бүгiнге дейiн жеткен турнирдiң тұсауы кесiлген болатын. Мiне, сол кезден бастап Достастық кубогы ылғи қыста ұйымдастырылып келедi. Өйткенi, жылдың басқа мезгiлiнде осы елдер арасында турнир ұйымдастыру мүмкiн еместiгi белгiлi. Сондай-ақ, алғашында турнир басқа елдерде де өтiледi делiнгенiмен, осы уақытқа дейiн Ресейдiң шекарасынан ары аса алмады. Осыған дейiн 24 рет өткен турнирдiң он бесiн Мәскеу қабылдаған болса, тоғызы Санкт-Петербург қаласында өттi.

Алғашында ТМД чемпиондарының кубогы футболдан халықаралық байланысты ұстап тұрған турнир саналса, кейiн келе «дарынды футболшылар көрмесi» деген бейресми атауға ие бола бастады. Себебi, он бес мемлекеттiң ең үздiк ойыншылары өзара күш сынасып, жақсы өнер көрсеткендерi өз клубынан беделдi командаларға шақырту ала бастады. Мәселен, 1993 жылы «Пахтакордың» сапында жасындай жарқылдаған Валерий Кечинов мәскеудiң «Спартагына» ауысып кеткен болса, 2003 жылы тираспольдiк «Шерифтiң» намысын қорғаған Чиди Одиаға «ЦСКА-ның» көзi түстi. Дегенмен, осы мәртебелi турнир туралы сөз қозғағанда Андрей Шевченко, Каха Каладзе, Дмитрий Аленичев сынды футболшылардың есiмдерiн атамай кетуге болмайды. Бұл үшеуi де Чемпиондар лигасын жеңiп алған футболшылар. Яғни, алғашқы екеуi итальяндық «Милан», соңғысы португалдық «Порту» сапында Еуропа чемпионы атанған. Сондай-ақ, Сергей Ребров, Дмитрий Сычев, Шота Арвеладзе секiлдi сайыпқыран футболшылар да спорттық баспалдағын Достастық кубогынан бастаған екен.

2003 жылдан бастап Достастық кубогына ақырындап қызығушылық азая бердi. Оның бiрден бiр себебi ретiнде мамандар сол жылғы Украина чемпионы донецкiлiк «Шахтердiң» турнирге қосалқы құрамын жiберуiмен байланыстырады. Одан кейiн алаңға қосалқы құраммен шығу Ресей мен Украина клубтары арасында сәнге айналып, турнирдiң мәртебесiн тiптен төмендетiп жiбердi. Осыны ойлаған Ресей футбол одағының президентi Виталий Мутко 2007 жылдан бастап он алтыншы команда ретiнде шығыс Еуропа елiнiң чемпионын шақырта бастады.

2016 жылдан соң турнир өткізілген жоқ.

Финалдар

 | ]
Жыл Жеңімпаз Финалист Есеп Стадион
1993 image Спартак (Мәскеу) image Динамо-93 8:0 Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 5000
1994 image Спартак М image Нефтчи (Ферғана) 7:0 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 18000
1995 image Спартак (Мәскеу) image Динамо (Тбилиси) 5:1 Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500
1996 image Динамо (Киев) image Спартак-Алания (Владикавказ) 1:0 Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500
1997 image Динамо (Киев) image Спартак (Мәскеу) 3:2 Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 5000
1998 image Динамо (Киев) image Спартак (Мәскеу) 1:0 Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500
1999 image Спартак (Мәскеу) image Динамо (Киев) 2:1 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі 14000
1999 image Спартак (Мәскеу) image Зимбру 3:0 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 16000
2001 image Спартак (Мәскеу) image Сконто 2:1 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 25000
2002 image Динамо (Киев) image Спартак (Мәскеу) 4:3 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 24386
2003 image Шериф (Тирасполь) image Сконто 2:1 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 2000
2004 image Динамо (Тбилиси) image Сконто 3:1 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 4000
2005 image Локомотив (Мәскеу) Үлгі:Country data Әзірбайжан Нефтчи (Баку) 2:1 Мәскеу, Манеж Динамо. 2000
2006 Үлгі:Country data Әзірбайжан Нефтчи (Баку) image Каунас 4:2 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 6200
2007 image Пахтакор image Вентспилс 0:0,
(9:8, пен.)
Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 10000
2008 Үлгі:Country data Әзірбайжан Хазар-Ленкорань image Пахтакор 4:3 Санкт-Петербург, Петербург спорт-концерт комплексі, 6000
2009 image Шериф (Тирасполь) image Ақтөбе 1:1,
(5:4, пен.)
Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 3700
2010 image Рубин (Казань) image Ақтөбе 5:2 Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 4000
2011 Үлгі:Country data Әзірбайжан Интер (Баку) image Шахтёр (Солигорск) 0:0,
(6:5, пен.)
Санкт-Петербург, 2000

Жастар командалары.

Жыл Жеңімпаз Финалист Есеп Стадион
2012 image Ресей-21 image Беларусь-21 2:0 Санкт-Петербург, 3000
2013 image Ресей-21 image Украина-21 4:2 Санкт-Петербург, 7000
2014 image Украина-21 image Ресей-21 4:0 Санкт-Петербург, 3000
2015 image ОАР-21 image Финляндия-21 2:1 Санкт-Петербург
2016 image Ресей-21 image Молдова-21 4:2 Санкт-Петербург, 3000

Қазақстан үлесі

 | ]

Қазақстандық клубтар барлық турнирге қатысты. Тек 2005 жылы ғана "Қайрат" алғашқы болып, топтық турнирден келесі сатыға өте алды. Қазақстанның атынан шыққан "Ақтөбе" 2 рет қатарынан финалға дейін жетіп чемпион атана алмады.

Елдер бойынша жеңістер мен финалдар

 | ]
О Ел Жеңістер Финалдар Жеңімпаздар Финалисттер
1 image Ресей 8 4 Спартак (Мәскеу) (6), Локомотив (Мәскеу) (1), Рубин (Казан) (1) Спартак (Мәскеу) (3), Алания (Владикавказ) (1)
2 image Украина 4 1 Динамо (Киев) (4) Динамо (Киев) (1)
3-4 image Әзербайжан 2 1 Интер (Бақы) (1), Хазар-Ленкорань (1) Нефтчи (Бақы) (1)
image Молдова 2 1 Шериф (Тирасполь) (2) Зимбру (1)
5 image Өзбекстан 1 2 Пахтакор (Ташкент) (1) Пахтакор (Ташкент) (1), Нефтчи (Ферғана) (1)
6 image Грузия 1 1 Динамо (Тбилиси) (1) Динамо (Тбилиси) (1)
7 image Латвия 0 4 Сконто (Рига) (3), Вентспилс (1)
8 image Қазақстан 0 2 Ақтөбе ФК (2)
9-10 image Беларусь 0 1 Динамо-93 (1) Шахтер (1)
image Литва 0 1 Каунас (1)

Сұрмергендер

 | ]
Орын Футболшы Соққан доп саны
1 image Владимир Бесчастных (Спартак (Мәскеу) 20
2 image Егор Титов (Спартак (Мәскеу) 18
3 image Валерий Кечинов (Пахтакор (Ташкент) , Спартак (Мәскеу) 17
image Михаил Михолап (Сконто (Рига) 17
5 image Михаил Кавелашвили (Динамо (Тбилиси), Алания (Владикавказ) 14
* image Луис Робсон (Спартак (Мәскеу) 14
7 image Андрей Тихонов (Спартак (Мәскеу) 13
8 image Валентин Белькевич (Динамо Минск, Динамо (Киев) 12
image Андрей Шевченко (Динамо (Киев) 12
10 image Гела Иналишвили (Динамо (Тбилиси) 11
image Анатолий Канищев (Алания (Владикавказ), Спартак (Мәскеу) 11
image Михаил Землинский (Сконто (Рига) 11

Рекордтар

 | ]
  • Турнирдегі ең ірі есепті "Спартак (Мәскеу)" жасады. 1998 жылы Тәжікстанның "Вахш" командасын 19-0 есебін жеңді.
  • Мәскеудің "Спартагы" мен "Киевтің Динамосы" турнирді 3 рет жеңіп алды. "Спартак" ол жетісікті тағы қайталады. "Спартак" — 1993-1995, 1999-201, ал Динамо - 1966-1998 жылдар аралығында жеңімпаз атанды.
  • Турнирде ең көп доп соққан футболшы - Владимир Бесчастных. Оның еншісінде — 20 доп.
  • Турнирге ең көп қатысқан — "Сконто (Рига)". Олар 13 рет қатысып, 3 рет финалға дейін шығып, бірақ бірде-бір рет жеңімпаз атанған жоқ.
  • "Сконто" клубының қорғаушысы Михаил Землинский турнирде ең көп ойын өткізді — 46 ойын.
  • Төрешілердің арасында Валентин Иванов ең көп ойынға қазылық еткен. оның еншісінде — 20 ойын.

Сілтемелер

 | ]
  • RSSSF
  • http://www.engis.ru/ciscup/ Мұрағатталған 22 қаңтардың 2008 жылы.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Достастық кубогы туралы ақпарат, Достастық кубогы дегеніміз не? Достастық кубогы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *