Баян Байболатұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Батыр Баян Байболатұлы - 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары болған. Бірақ, "Шаңды жорыққа" қатысып, сол жорықтан қайтып келе жатқан жолда қайтыс болған батыр Баян осы кісі. Баянның мазары кешегі Қапшағай көлінің астында қалып кетті.

Баянның 9 ұлы болған. Батыр Баянның ұрпақтары ішінде Тасыбай би Баянұлы, Бектібай би Тұрсынбайұлы, көрнекті ақын Тынышбай Рахимов, Ерубай би Жолдыбайұлы, Көшек Ерубайұлы, Байсақал Ерубайұлы, Бегұлы Көшекұлы, әйгілі әнші Амангелді Нақыпұлы Сембин, әділет генералы Болат Ажақайұлы Сембин, белгілі жазушы Берік Шаханұлы секілді жандар шыққан.

image

Одан тараған ұрпақтар қазіргі Жамбыл облысы Сарысу ауданы мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өмір сүруде. Берік Шаханұлы бабасы Баян Батыр туралы біршама зерттеулер жүргізіп, оның өмір жолына шолу жасады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Н.Рахымжанов. Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма. 1-кітап. 2013 жыл.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Баян Байболатұлы туралы ақпарат, Баян Байболатұлы дегеніміз не? Баян Байболатұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *