Банту тілдері
| Банту тілдері | |
| Елдер: | Тропикалық Африка |
|---|---|
| Сөйлеушілер саны: | 310 млн адам (2004) |
| Классификация | |
| Санаты: | Африка тілдері |
| |
| Тіл коды | |
| ISO 639-1: | бнт |
| ISO 639-2: | bnt |
| ISO 639-3: | — |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |

Банту тілдері - Нигер-конголез тілдеріне жататын Орталық және Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары тілдерінің үлкен бір тобы. Банту тілдерінің бастылары: аулу, кмконго, кикуйю, кимбунду, кирунди, коса, лингала, луба, луганда, макуа, малави, руанда, свази, сото, суахили, тсонга, чуана, шона т.б. Жалпы сөлейшілер саны - 310 млн адамға жуық (2004 жылғы мәлімет). Бұл - Африка халқының 30%. Банту тілдері агглюнатив жүйелі, грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жағынан бір-біріне өте жақын.
Бантулардың біразының (суахили, басуто) жазуы мен әдебиеті бар .
Тілдің құрамы
| ]Қазіргі тіл білімі мен этнография Банту тілдерін территориялық принципы бойынша ірі-ірі 15 зонаға бөледі (адам саны 2000 жылдың мәліметі бойынша):

| № | Зона | мемлекеті | тілдердің саны | адамсаны |
|---|---|---|---|---|
| 1 | A зонасы | Камерун және онымен шекаралас | 52-53 | 5,1 млн адам |
| 2 | В зонасы | Конго, Габон және Заирдың солтүстік-батыс аймақтары | 52 | 1,6 млн адам |
| 3 | С зонасы | Заир (ДРК) және Конго | 69 | 6,2 млн адам |
| 4 | D зонасы | Заир (ДРК) және Судан | 32 | 2,3 млн адам |
| 5 | Е зонасы | Кения және Оңтүстік Танзания | 36 | 16 млн адам |
| 6 | Ғ зонасы | Орталық және батыс Танзания | 16 | 7 млн адам |
| 7 | G зонасы | Шығыс Танзания, Занзибар және Пемба аралдары | 36 | 8,5 млн адам |
| 8 | Н зонасы | Конгоның оңтүстігі, Конго-Заирдың (ДРК) қиыр батысы және солтүстік Ангола | 22 | 12,5 млн адам |
| 9 | J зонасы | D және Е зоналарында | 45 | 35 млн адам |
| 10 | К зонасы | Анголаның оңтүстік-шығысы, Замбия және Ботсвананың солтүстік-батысы | 27 | 4,6 млн адам |
| 11 | L зонасы | Заирдың (ДРК), Анголаның, Замбия және Ботсвананың оңтүстігі | 14-18 | 10,6 млн адам |
| 12 | N зонасы | Танзания, Малави және орталық Мозамбик | 13 | 14 млн адам |
| 13 | Р зонасы | Мозамбиктің солтүстік-шығысы және Танзанияның оңтүстік-батысы | 29 | 12,6 млн адам |
| 14 | R зонасы | Анголаның оңтүстік-батысы, Намибия мен Ботсвананың солтүстігі | 12 | 5,8 млн адам |
| 15 | S зонасы | Зимбабве, ОАР, оңтүстік Мозамбик, оңтүстік Ботсвана, Лесото және Свазиленд | 26 | 58 млн адам |
Дереккөздер
| ]- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
- Maho, Jouni Filip. A classification of the Bantu languages: an update of Guthrie’s referential system// Nurse & Philippson 2003, p. 639—651.
- Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Банту тілдері туралы ақпарат, Банту тілдері дегеніміз не? Банту тілдері нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!