Азық-түлік келісімшарт корпорациясы
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы — Қазақстанда астық саудасын ұйымдастыруымен айналысатын мемлекеттік корпорация. 1995 жылы құрылған.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы | |
Түрі | акционерлік қоғам |
---|---|
Құрылды | 1995 жыл |
Орналасуы |
|
Басты адамдары | Басқарма төрағасы - Джувашев Асылхан Болатұлы |
Саласы | астық саласы |
Басшы компания | |
Сайты | fcc.kz |
Тарихы
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа несие және төлем механизмдерін дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 қаулысымен Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес, мемлекеттік ресурстарға астық және одан өңделген өнімдерді сатып алу жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясы оның жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқығы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-қа берілген болатын.
2007 жылғы 5 шілдеде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамына «Ұлттық компания» мәртебесі берілді.
2020 жылғы 12 маусымда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акцияларының 100% пакеті «ҚазАгро» Холдингі» акционерлік қоғамынан республикалық меншікке (ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне) тапсырылды. 2020 жылғы 12 маусымдағы № 7 қабылдау-тапсыру актісі негізінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді («Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 326 қаулысы).
Функциялары
Азық-түлік корпорациясы бірқатар функцияларды жүзеге асырады:
- ауыл шаруашылығы өндірушілерін жүйелі қолдау;
- ішкі астық нарығын қорғау және тұрақтандыру;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысу;
- АӨК субъектілерін қаржылық қолдау шараларын іске асыру;
- астықты сақтау жөніндегі коммерциялық қызметтер;
- астықты экспорттау.
Корпорация серіктестері
- Қытай мемлекеттік компаниялары COFCO және Sinopharm;
- Иранның “GTC” үкіметтік сауда корпорациясы;
- Тәжікстанның мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі;
- жеке шетелдік компаниялар.
Басшылары
- Нұрлан Смағұлов (1996—2002)
- Бейбітхан Қабдырахманов (2011—2012)
- Нұрлан Оспанов (2012—2014)
- Рахмет Байнақов (2014—2016)
- Бақытжан Жоламанов (2016—2018)
- Нұрлыбек Мәлелов (2018—2019)
- Ринат Ақбердин (2019)
- Қанат Қарауылов (2019—2021)
- Сапархан Омаров (2021—2022)
- Асылхан Жұбашев (2022—)
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Құрылу тарихы
- Жалпы ақпарат
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы туралы ақпарат, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дегеніміз не? Азық-түлік келісімшарт корпорациясы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!