Азеотропты қоспа

Азеотроп қоспалар (грекше azйō – қайнамау және tropй –бұрылу, өзгеру) – құрамы және қайнау температурасы өзгермей айдалатын, яғни қайнатқанда молекулаларға, тұрақты химиялық қосылыстарға бөлінбей, бастапқы құрамында буға айналатын ерітінділер. Алғаш рет 1810 ж. ағылшын ғалымы Джон Дальтон осындай қасиетті 68%-тік азот қышқылының сулы ертіндісінен байқаған. Азеотроп қоспалардың кейбіреуі жеке құраушылардың қайнау темп-раларынан жоғары темп-да қайнаса, кейбіреулері төмендеу темп-да қайнайды. Азеотроп қоспалар түзілуіне байланысты кейбір заттарды (мысалы, абсолютті спирт, таза азот қышқылы) олардың сулы ерітіндісін айдау арқылы алу мүмкін емес. Бұл жағдайда айдау алғашқы екеуінің салыстырмалы ұшқыштығын өзгертетін үшінші құраушыны қосу арқылы жүргізіледі. Өнеркәсіптік маңызы бар сұйық қоспалардың жартысына жуығын азеотроп қоспалар түзейді. Мұндай қоспаларды жеке құраушыларға жіктеу қажеттігіне байланысты азеотроп қоспаларды зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар.
Сілтемелер
| ]“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Фазалық өтулер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Азеотропты қоспа туралы ақпарат, Азеотропты қоспа дегеніміз не? Азеотропты қоспа нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!