Авсюк мұздығы
Авсюк – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық етегі. Ақшығанақ өзенінің бастауы болып саналады. Мұздық туралы алғашқы ғылыми еңбек 1929-1932 жылдары жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының География институты айналысады. 1957 жылы көрнекті ғалым Г.А.Авсюктің есімімен аталған.
Авсюк мұздығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Түрі | Тау аңғарлық мұздық |
Ауданы | 5 км² |
Ұзындығы | 4,7 км |
Қалыңдығы | 70 м |
Орналасуы | |
43°07′26″ с. е. 77°28′12″ ш. б. / 43.12389° с. е. 77.47000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°07′26″ с. е. 77°28′12″ ш. б. / 43.12389° с. е. 77.47000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Жетісу облысы |
Аумағы
Ұзындығы 4,7 км, жалпы аумағы 5,0 км2. 1960-1990 жылдары аралығында мұздықтың ұзындығы 0,1 км-ге қысқарды. Ауданы 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңдығы 70 м-ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн (мұзқар) алаңының ауданы 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеген.
Дереккөздер
- Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Авсюк мұздығы туралы ақпарат, Авсюк мұздығы дегеніміз не? Авсюк мұздығы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!