Асқарбек Маратұлы Ертаев
Асқарбек Маратұлы Ертаев (1977 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2025 жылдан бергі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары.
Асқарбек Маратұлы Ертаев | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
9 маусым 2025 жылдан бастап | ||||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Ақмәди Сарбасов | |||
Министрі | Светлана Жақыпова | |||
| ||||
9 тамыз 2024 — 9 маусым 2025 | ||||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Назгүл Сағындықова | |||
Ізбасары | Виктория Шегай | |||
Министрі | Светлана Жақыпова | |||
| ||||
10 шілде 2023 — 9 тамыз 2024 | ||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов Роман Скляр (м. а.) Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Ербол Нұрғалиев Ерболат Әбілхатин (м. а.) | |||
Ізбасары | Әсет Шонов | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Аманат | |||
Білімі |
| |||
Дүниеге келуі | 1977 Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
Ақтөбе «НҰР» менеджмент, бизнес және құқық институтын және Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы әкімдік аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастады.
2000 жылы Қазақстан Халық банкі, Көмірбанк, Наурыз Банк Қазақстан, БТА Банкі, Темірбанк банктерінде 2014 жылға дейін еңбектенді.
Бұдан кейін Ертаев Ұлттық экономика министрлігінде қызмет етті. 2014–2015 жылдары Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы, 2018 жылға дейін сол департаментте басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2017 жылы департамент директорының орынбасары атанды. 2018–2021 жылдары Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры болды.
Енді Ертаевтың мансабы Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінде жалғасты.
2021–2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің Сараптамалық бөлімінің сектор меңгерушісі;
2022–2023 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі экономикалық бөлімінің меңгерушісі;
2023 жылғы ақпан–шілде айларында Үкімет Аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі болды.
2023 жылғы шілдеде Премьер-Министр орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жарлығымен Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1 жыл 1 айдан кейін, яғни 2024 жылғы тамызда лауазымынан босатылып, Үкімет бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2025 жылғы маусымда лауазымынан босатылып, Үкімет бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Дереккөздер
- Асқарбек Ертаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы (10 шілде 2023). Тексерілді, 29 маусым 2025.
- Асқарбек Ертаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы (9 тамыз 2024). Тексерілді, 29 маусым 2025.
- Асқарбек Ертаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды (қаз.). Қазақстан Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы (9 маусым 2025). Тексерілді, 29 маусым 2025.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Асқарбек Маратұлы Ертаев туралы ақпарат, Асқарбек Маратұлы Ертаев дегеніміз не? Асқарбек Маратұлы Ертаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!