Асқар Тоқмағанбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Асқар Тоқмағамбетов
Лақап аты

Әшен Тоқасов

Туған күні

19 қыркүйек 1905 (1905-09-19)

Туған жері

бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы

Қайтыс болған күні

21 тамыз 1983 (1983-08-21) (77 жас)

Қайтыс болған жері

Қызылорда, Қазақ КСР

Азаматтығы

image КСРО

Ұлты

қазақ

Мансабы

жазушы

Шығармашылық жылдары

1932-1975

Бағыты

лирика, сатира

Жанры

поэзия, проза, публицистика

Шығармалардың тілі

қазақша

Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қ.) — қазақтың ақыны, жазушысы.

Өмірі

 | ]

Ысты тайпасының Қарақойлы бөлімінен шыққан1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-30), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды.

1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді.

Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқтағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.

1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы

 | ]

Ақын лирикасының бір саласы 1930-1940 жылдары жазылған "Біздің Сәуле", "Қош аман бол", "Бәтиманың хаты", "Күт мені", "Сүйген жарға", т.б. әнге арналған өлеңдері.

Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін "Қыран тұғырдан ұшады", Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін "Ақмоншақ" (О.Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған "Әке мен бала" романын кейін кайта толықтырып, "Қарбаласта" (1975) деген атпен жариялады. Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы "Жыр күмбезі" (1975) атты тарихи романның авторы. "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов "Әзірет Сұлтан", "Семафор ашық", "Екі заң" атты драмалық шығармалар, "Бәріміз де сондай болсақ" киносценариін де жазды. С. Айнидің "Құлдар" романын қазақшаға аударды (1953).

Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Әнге лайықты өлеңдері де көп. Қазақ поэзиясында поэма жанрын өркендетуде үлесі көп. «Жыр күмбезі» атты тарихи романы Базар жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары секілді жырау ақындардың өміріне арналған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 238 бет
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
  3. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  4. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  5. Г.Смағұлова, Асқар Тоқмағамбетовтің ақындық творчествосы. А., 1965.

Сілтемелер

 | ]
  • Мағжанға тағзым. Жас Алаш №67. Мағжан айтқан әңгiмелерден есiңiзде не қалды? Жұмабай Шаяхметов – Сталиннiң оң қолы болмақ, Сәбит Мұқанов – Голощекиннiң сол қолы болмақ, Асқар Тоқмағамбетов – Мәйкевский (Маяковский дегенi – С.Т.) болмақ көрiнедi дейтiн. Сәбит Мұқановтың түрiн бiр көрсем деушi едi. Неге олай дейтiнiн iштей ұғатынбыз Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
  • Асқар Тоқмағамбетов — iKitap.kz Мұрағатталған 24 мамырдың 2015 жылы.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Асқар Тоқмағанбетов туралы ақпарат, Асқар Тоқмағанбетов дегеніміз не? Асқар Тоқмағанбетов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *