Әсет Өрентайұлы Исекешев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Әсет Өрентайұлы Исекешев (17 тамыз 1971 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер.
Әсет Өрентайұлы Исекешев | |||||
![]() | |||||
Лауазымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
| |||||
16 қаңтар 2020 — 1 қыркүйек 2023 | |||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||
Ізашары | Қалмұханбет Қасымов | ||||
Ізбасары | лауазым жойылды | ||||
| |||||
16 қаңтар 2020 — 25 ақпан 2022 | |||||
Ізашары | Қалмұханбет Қасымов | ||||
Ізбасары | Ғизат Нұрдәулетов | ||||
Төрағасы | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||
| |||||
10 қыркүйек 2018 — 24 наурыз 2019 | |||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||
Премьер-Министр | Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | ||||
Ізашары | Әділбек Жақсыбеков | ||||
Ізбасары | Бақытжан Сағынтаев | ||||
| |||||
21 маусым 2016 — 10 қыркүйек 2018 | |||||
Ізашары | Әділбек Жақсыбеков | ||||
Ізбасары | Бақыт Сұлтанов | ||||
| |||||
6 тамыз 2014 — 21 маусым 2016 | |||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | лауазым құрылды | ||||
Ізбасары | Жеңіс Қасымбек | ||||
| |||||
12 наурыз 2010 — 6 тамыз 2014 | |||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||
Премьер-Министр | Серік Ахметов Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | лауазым құрылды | ||||
Ізбасары | лауазым жойылды | ||||
| |||||
21 мамыр 2009 — 12 наурыз 2010 | |||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | Владимир Школьник | ||||
Ізбасары | лауазым жойылды | ||||
Өмірбаяны | |||||
Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | ||||
Дүниеге келуі | 17 тамыз 1971 (53 жас) Қарағанды, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО | ||||
Жұбайы | Ләззат Исекешева | ||||
Балалары | 2 | ||||
Марапаттары |
| ||||
Әсет Өрентайұлы Исекешев Ортаққорда | |||||
өңдеу ![]() |
Бұрын Исекешев Қазақстан президентінің көмекшісі (2020–2023), Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2020–2022), Президент Әкімшілігінің басшысы (2018–2019), Астана әкімі (2016–2018), Инвестициялар және даму министрі (2010–2014), Индустрия министрі (2009–2014) қызметтерін атқарған.
Алғашқы жылдары және білімі
Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан. №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін (Орал, 1989) радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; Президент жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін (1998) бітірген, шет елде тәжірибе алған.[дереккөзі?]
Қазақстандық және шетелдік БАҚ-дағы индустриалдық-жаңартпашылық даму стратегиясын жүзеге асыру, ұлттық жаңартпашылық жүйе және оның жекелеген пилоттық жобаларын қалыптастыру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, кластерлік бастамашылықты және 7 пилоттық кластерді, мемлекеттік даму институттарын құру және қызметін жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді дамыту, өнеркәсіпті дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі көптеген мақалалардың авторы.
1989 жылдан - «Омега» аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы (Орал қаласы).
1995 жыл - 1997 жыл Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі.
1998 жыл - 1999 жыл ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласының адам дамуы бөлімінің Стратегиялық бақылау басқармасы Стратегиялық талдау департаментінің бас маманы.
1999 жыл - 2000 жыл ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.
2000 жыл - 2001 жыл ҚР Заң министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті.
2001 жыл - 2002 жыл «Сұңқар» АӨК» ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, «Ордабасы» корпорациясы» ААҚ вице-президенті.
2002 жыл - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2003 жылдан - ҚР индустрия және сауда вице-министрі.
2006 жылғы мамыр айынан бастап - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2007 жылдан 2008 жылға дейін - Credit Swiss (Kazakhstan) ЖШС Қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.
2008 жылғы ақпан айынан бастап - Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі.
2009 жылғы 21 мамыр - 2010 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.
2010 жылғы 12 наурыздан бастап - Индустрия және сауда министрі. Министр лауазымымен қатар 2010 жылғы наурыздан 2012 жылғы қаңтарға дейін және 2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
2014 жылғы 6 тамыздан бастап 2016 жылғы 21 маусымға дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.
2016 жылғы 21 маусымнан - 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін Астана қаласының әкімі.
2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2019 жылдың 25 наурызынан 2020 жылғы қаңтарға дейін Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры болды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Астана Әкімі
2016 жылғы 21 қарашада Исекешев Facebook парақшасында қала тұрғындары қар көшелерін өз-өзінен тазалайтындығын, кейінірек қаладағы қызметтер қала көшелерін, тротуарларды және т.б. Кейіннен Исекешев әрдайым өзінің Facebook парақшасында қаладағы қар тазалау ахуалы туралы айтып отыратын. Facebook-те қала тұрғындарының әр проблемасына көңіл аударғаны үшін, ғаламторда Әсет Өрентайұлы ең халыққа жақын әкім ретінде танылып кетті. Тіпті ғаламторда "Исекешевті тегтеу" әзілқой термин пайда болды.
Жалақысы
2016 жылдың тамыз айында барлық әкімдіктерге бірінші басшылардың жалақысын жариялау туралы өтініш жіберілді. БАҚ деректері бойынша, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің жалақысы айына 716 866 дан 967 674 теңгеге дейін.
Марапаттары
- Астанаға 10 жыл (медаль)
- Парасат ордені
- Құрмет ордені
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
Өз өмірі
Исекешевтің әкесі Исекешев Өрентай инженер-энергетик болып жұмыс істеген болса, анасы Исекешева Қапиза дәрігер-педиатр болған.[дереккөзі?]
Исекешев үйленген, екі баласы бар: ұлы Әлихан (2004 жылы туған) мен қызы Кәмила (2010 жылы туған).
Дереккөздер
- Кадровые перестановки Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2018 жылы.
- Кадровые перестановки Мұрағатталған 10 қыркүйектің 2018 жылы.
- Назначение на пост Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Мұрағатталған 11 тамыздың 2014 жылы.
- Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 180-р|Номад|15.11.2013 Мұрағатталған 6 мамырдың 2014 жылы.
- Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды
- Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
- Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. 02.06.2019
- Исекешев Асет Орентаевич (персональная справка)
- Исекешев қар тазалаушылар арасындағы жемқорлықты құртпақшы Мұрағатталған 23 қазанның 2021 жылы.
- ҚАР ТАЗАЛАУ ТОЛАССЫЗ ЖҮРІП ЖАТЫР Мұрағатталған 26 қазанның 2019 жылы.
- запомнился Асет Исекешев астанчанам
- Бауыржан Бәйбек пен Даниал Ахметов олардың лауазымдық жалақыларын жіктеді
- ҚР Президенті бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік наградаларды табыс етті Мұрағатталған 23 қазанның 2017 жылы.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Сыртқы сілтемелер
Саяси қызметтері | ||
---|---|---|
Ізашары: Әділбек Жақсыбеков | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 2018—2019 | Ізбасары: Бақытжан Сағынтаев |
Ізашары: Әділбек Жақсыбеков | Астана қаласының әкімі 2016—2018 | Ізбасары: Бақыт Сұлтанов |
Ізашары: Министрлік құрылған | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2014—2016 | Ізбасары: Жеңіс Қасымбек |
Ізашары: Министрлік құрылған | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010—2014 | Ізбасары: Министрлік қайта ұйымдастырылған |
Ізашары: Владимир Школьник | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2009—2010 | Ізбасары: Министрлік қайта ұйымдастырылған |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әсет Өрентайұлы Исекешев туралы ақпарат, Әсет Өрентайұлы Исекешев дегеніміз не? Әсет Өрентайұлы Исекешев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!