АҚШ еврейлері
| Америкалық еврейлер | |
| ағылш. American Jews | |
![]() АҚШ-тағы еврей америкалықтар картасы | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
|---|---|
| 7 500 000 | |
| 300 000 | |
| Тілдері | |
| америкалық ағылшын тілі, идиш, иврит, т.б. | |
| Діні | |
| |
АҚШ еврейлері, не көбіне Америкалық еврейлер (ағылш. American Jews, идишше אמעריקאנער אידן, Amerikaner Idn) — этносы, діні, мәдениеті еврей АҚШ азаматтары.Пью зерттеу институты жасаған 2020 жылғы сауалнама бойынша АҚШ еврейлерінің шамамен екі үштігі өзін ашкеназ дейді, 3%-ы сефард, 1%-ы мизрахи дейді. Тағы 6% үш топтың бірнешеуін қосып айтса, 25%-ы өздерін еш топқа жатқызбайды.
Отаршылдық заманда АҚШ-та еврейлер аз болды. Олардың көбі Португалиядан, не Бразилиядан (Голландық Бразилия) келген болатын. Олар, алайда, қазір — АҚШ еврейлерінің арасындағы кішігірім азшылық. Америкалық еврей қауымдастығы еврей мәдени дәстүрлерінің кең ауқымын, соның ішінде еврей діни рәсімдерінің толық спектрін көрсете алады.
Түрлі деректерде АҚШ әлемдегі ең үлкен еврей қауымдастығы, не екінші ең үлкен (Израильден кейінгі) қауымдастығы бар ел делінеді. 2020 жылғы дерек бойынша Америка Құрама Штаттарында шамамен 7,5 миллион еврей тұрды, бұл АҚШ халқының 2,4%-ы. Бұған дінін иудаизм дейтін 4,2 миллион ересектер, дінім жоқ дейтін 1,5 миллион еврей ересектер мен 1,8 миллион еврей балалары кіреді. Кем дегенде 1 ата-әжесі еврей болған және Оралу заңы бойынша Израиль азаматтығына өзін ұсына алған америкалықтар «көбейтілген еврей қауымы» делінеді. Елде бұл топқа кіре алатын 15 миллион адам бар, бұл — АҚШ жалпы халқының 4,5%-ы.
Тарихы
| ]Еврейлер Он үш отарда XVII ғасырдан бері тұратын. Алайда олар өте аз еді, 1700 жылға қарай елге 200–300-ден көп емесі келген болатын. Ерте келген еврейлердің көбі сефардтар болатын, нақтырақ айтқанда, Испания мен Португалиядан келген батыс сефардтар. Алайда 1720 жылға қарай көпшілікке ие болғандар — Шығыс пен Орталық Еуропадан келген ашкеназдар.
Ағылшынның 1740 жылғы Плантация актісі еврейлердің тұңғыш рет Британдық азаматтық алуына рұқсат берді де, осылайша отарларға көшкеніне де жол берді. Белгілі атанған тұңғыш америкалық еврей Польшада туған Хаим Соломон болды — оның Америкалық революциядағы рөлі үлкен еді. Соломон атақты революцияны ең көп қаржыландырған адам және белгілі қаржыгер болды.
Кейбір жергілікті юрисдикциялардың еврейлерге дауыс беру немесе мемлекеттік қызмет атқару құқығын бермегеніне қарамастан, сефардтар 1790 жылдары басты бес штатта саяси теңдікке ие болып, қоғамдық істерге белсене араласатын болды. Шамамен 1830 жылға дейін Оңтүстік Каролинаның Чарлстон қаласы Солтүстік Америкадағы еврейлері ең көп жер болды. XIX ғасырдың ортасына қарай құрлыққа біраз неміс еврейлері қоныстанатын болды, көбіне туған елдеріндегі антисемиттік заңдар себебінен. Олардың біразы саудагер мен дүкеншілер атанды. Аз-аздап олар шығыс жағалаудан батысқа қарай жылжыды да, 1819 жылы күздігүні Аппалачиден батыс тұңғыш еврей діни қызметі пайда болды. Осы кездері Цинциннати қаласында тұңғыш рет Тәубе Күндері өткізілген болатын. Цинциннатиде Орта Батыстың ең ежелгі еврей қауымдарының бірі тұратын. Аз-аздап раввин Айзек Мейер Вайз арқасында Цинциннати еврейлерінің дінінде жаңа реформалар байқалатын болды, мәселен, миньянға әйелдер қабылданатын болды. 1800 жылдардың екінші жартысында сол жерге біраз неміс пен литва еврейлері қоныстанды да, аймақта ірі қауымдастық орнықты. Нәтижесінде Manischewitz (Манишевитц) атты кошер тағам компаниясы мен The American Israelite атты жариялануы әлі де жалғасқан АҚШ-тың ең ескі еврей газеттерінің бірі пайда болды. 1880 жылға қарай Америка Құрама Штаттарында шамамен 250 000 еврей тұрды. Олардың біразы — білім алған зайырлы неміс еврейлері. Арасында аса ықпалды сефардтар азшылығы да болды.

Еврейлердің Америка Құрама Штаттарына миграциясы 1880 жылдардың басында аса қатты өсті. Оған Шығыс Еуропадағы қуғын мен кедейшілік себеп болды. Келгендердің көбісі идишше сөйлейтін ашкеназдар болатын. Осы жаңа мигранттардың көпшілігі Ресей империясының Отырықшылық бозғылт аймағынан келген болатын, бұл — қазіргі Литва, Польша, Беларусь, Украина, Молдова жерлері. Осы кездері елге көптеген галициялық еврейлер де көшіп келген болатын; Галиция сол кездері Аустрия-Мажарстанның ең кедей аймақтарының бірі болатын. Біраз еврей Румыниядан да көшіп келген. XIX ғасырдың соңынан 1924 жылға дейін елге 2 000 000-нан астам еврей көшіп келген; 1924 жылы иммиграция жайлы заңнама өзгертілді де, мигранттардың көшіп келуі шектелді. Еврейлердің көбі Нью-Йорк агломерациясында орнықты. 1915 жылы идиш тілдес күнделікті газеттің Нью-Йорктің өзінде де жарты миллион, ел бойынша 600 000 данасы сатылды. Оған қоса мыңдаған адам идиштілді апталық газетке, не түрлі журналдарға жазылған еді.
XX ғасырдың басында бұл жаңадан келген еврейлер басқа қандастары үшін көптеген шағын синагогалар мен Ландсмансхафтерден (немісше мен идишшеден «Жерлестер қауымдастықтары») тұратын қолдау желілерін құрды. Осы кездергі америкалық еврей жазушылары ассимиляцияны қатты жақтап, еврейлердің америкалық мәдениетке жақындағанын қалады. Еврейлер ақыр-аяғында өзге америкалықтармен шынымен де сіңісіп те қалды. Шамамен 500 000-ы (18 бен 50 жастар арасындағы еврей еркектерінің шамамен жартысы) Екінші дүниежүзілік соғыста шайқасқан, соғыстан кейін жас отбасылар субурбанизацияланды. Бұл аймақтардағы еврейлер одан әрі ассимиляцияланып, өзге ұлт, дін өкілдерімен ошақ құратын да болды. Субурбан аймақтарда жаңа орталықтар пайда болды да, Екінші дүниежүзілік соғыстың соңы мен 1950 жылдардың ортасы аралығында еврей мектептеріне баратын бала саны екі есе көбейді де, белгілі бір синагогамен байланыс 1930 жылғы 20% көрсеткіштен 1960 жылғы 60% көрсеткішке өсті; ең үлкен өсім реформашыл еврейлер арасында орын алды, әсіресе консерваторлар арасында. Кейінгі еврей көші-қонының, мәселен, Ресейден келгендерінің көбі жалпылама еврей-америкалық қауымдастығына аса қиындықсыз ене берді.
Уақыт өте келе АҚШ еврейлері мен олардың ұрпағы түрлі салаларда табысты атанды. Бұрын төменгі саты мүшесі болған, әр жұмысқа орналаса алмай жүрген еврейлер кейін білімі жоғары және жан басына шаққандағы табысы Америка Құрама Штаттарындағы орташа көрсеткіштен жоғары топқа айналды.
| < $30 000 | $30 000–49 999 | $50 000–99 999 | $100 000+ |
|---|---|---|---|
| 16% | 15% | 24% | 44% |
Дереккөздер
| ]- Sheskin Ira M. American Jews // Ethnicity in Contemporary America: A Geographical Appraisal — Lanham, MD: Rowman & Littlefield, 2000. — P. 227. — ISBN 978-0-7425-0034-1.
- Jewish Americans in 2020 (ағыл.). Pew Research Center (11 May 2021). Тексерілді, 13 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 26 қарашаның 2022 Wayback Machine мұрағатында
- Mitchell, Travis 1. The size of the U.S. Jewish population (ағыл.). Pew Research Center (11 May 2021). Тексерілді, 9 маусым 2024.
- Sheskin, Dashefsky Ira, Arnold American Jewish Year Book 2020 The Annual Record of the North American Jewish Communities Since 1899 — Springer International Publishing. — ISBN 9783030787059.
- Jews in America: Portal to American Jewish History (ағыл.). www.jewsinamerica.org. Тексерілді, 15 ақпан 2015. Мұрағат көшірмесі 5 мамырдың 2018 Wayback Machine мұрағатында
- Kahal Kadosh Beth Elohim Synagogue (ағыл.). jewishvirtuallibrary.org (2014). Тексерілді, 20 қаңтар 2016. Мұрағат көшірмесі 3 желтоқсанның 2016 Wayback Machine мұрағатында
- Atkin Maurice, etc United States of America Vol. 20. — P. 305.
- Kahal Kadosh Beth Elohim Synagogue (ағыл.). nps.gov. Тексерілді, 20 қаңтар 2016. Мұрағат көшірмесі 15 наурыздың 2016 Wayback Machine мұрағатында
- Tzvi The Jew who Financed the American Revolution (ағыл.). Aish.com (20 April 2017). Тексерілді, 9 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі 27 қарашаның 2022 Wayback Machine мұрағатында
- Alexander DeConde, Ethnicity, Race, and American Foreign Policy: A History Мұрағатталған 21 қарашаның 2022 жылы., p. 52
- Sarna, Jonathan; Golden, Jonathan The American Jewish Experience through the Nineteenth Century: Immigration and Acculturation (ағыл.). The National Humanities Center. TeacherServe. Тексерілді, 27 сәуір 2016. Мұрағат көшірмесі 1 мамырдың 2016 Wayback Machine мұрағатында
- "History of Temple Israel". Encyclopedia of Southern Jewish Communities. Jackson, Mississippi: Goldring / Woldenberg Institute of Southern Jewish Life. 2006. http://www.isjl.org/history/archive/tn/HistoryofTempleIsrael.htm. Retrieved 2010-07-22. Мұрағат көшірмесі 2 сәуірдің 2012 Wayback Machine мұрағатында
- Cyrus Adler; David Philipson WISE, ISAAC MAYER. The Jewish Encyclopedia. Funk & Wagnalls. Тексерілді, 3 желтоқсан 2015.
Jewish Encyclopedia bibliography:- I. M. Wise, Reminiscences, transl. from the German and ed. by David Philipson, Cincinnati, 1901;
- Selected Writings of Isaac M. Wise, with a biography by David Philipson and Louis Grossmann, ib. 1900;
- The American Israelite, 1854–1900, passim, and the Jubilee number, 1904-06-30.
- 73 Years of The Jewish Post (ағыл.), Hoosier State Chronicles: Indiana's Digital Newspaper Program (9 November 2015). Тексерілді 29 шілденің 2018. Мұрағат көшірмесі 30 шілденің 2018 Wayback Machine мұрағатында
- Инесса Чугайнова: Еврейлер – еліміздің біртұтас халқының бір бөлігі (қаз.). nege.kz (26 наурыз 2025). Тексерілді, 17 қараша 2025.
- Robert Moses Shapiro Why Didn't the Press Shout?: American & International Journalism During the Holocaust — KTAV, 2003. — P. 18. — ISBN 9780881257755. Мұрағат көшірмесі 15 қыркүйектің 2023 Wayback Machine мұрағатында
- Sarna, American Judaism (2004) 284–5-беттер
- Lalany, Nelly. Ashkenazi Jews rank smartest in world (23 шілде 2011). Тексерілді 27 қазанның 2013. «Jews comprise 2.2% of the USA population, but they represent 30% of faculty at elite colleges, 21% of Ivy League students, 25% of the Turing Award winners, 23% of the wealthiest Americans, and 38% of the Oscar-winning film directors». Мұрағат көшірмесі 14 ақпанның 2014 Wayback Machine мұрағатында
- Berman, Lazar The 2011 Nobel Prize and the Debate over Jewish IQ. AEI. The American (19 қазан 2011). Тексерілді, 18 қазан 2013. Мұрағат көшірмесі 9 қаңтардың 2016 Wayback Machine мұрағатында
- Goldstein, Tani. How did American Jews get so rich?. Тексерілді 8 қарашаның 2013. Мұрағат көшірмесі 1 қарашаның 2013 Wayback Machine мұрағатында
- Poll: Jews highest-earning group in US Мұрағат көшірмесі 27 наурыздың 2015 Wayback Machine мұрағатында, The Jerusalem Post, 26 ақпан 2008
- Why is America Different?: American Jewry on Its 350th Anniversary edited by Steven T. Katz, (University of America Press 2010), 15-бет
- American Pluralism and the Jewish Community, edited by Seymour Martin Lipset, (Transaction Publishers 1990), 3-бет
- How income varies among U.S. religious groups. Тексерілді 5 қаңтардың 2020. Мұрағат көшірмесі 11 мамырдың 2019 Wayback Machine мұрағатында
- Алфавит бойынша этникалық топтар
- АҚШ еврейлері тарихы
- АҚШ тұрғындары
- Еврейлер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, АҚШ еврейлері туралы ақпарат, АҚШ еврейлері дегеніміз не? АҚШ еврейлері нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!