Аққу шоқжұлдызы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аққу
лат. Cygnus (і. с. Cygni)
image
Қысқартылуы

Cyg

Символы

Аққу

Тура көтерілуі

19h 05m бастап  21h 58m дейін

Еңістігі

+27° 30’ бастап  +60° 55’ дейін

Ауданы

804 кв. градус
(16 орын)

Ендіктерде көрінуі

+90° бастап  −29° дейін

Ең жарық жұлдыздары
(көрінерлік жұлдыздық шама < 3m)
  • Денеб (β Cyg) — 1,25m
  • Садр (γ Cyg) — 2,23m
  • Дженах (ε Cyg) — 2,48m
  • δ Cygni — 2,87m
Метеор ағындары
  • Қазан Цигнидтері
  • Каппа-Цигнидтер
Көршілес шоқжұлдыздар
  • Цефей
  • Айдаһар
  • Лира
  • Түлкішек
  • Пегас
  • Кесіртке
Ортаққордағы санаты: Cygnus (constellation)

Аққу (лат. Cygnus, Cyg) — Солтүстік аспан жартышарының шоқжұлдызы. Оның орталығындағы жарық жұлдыздар аспанда айқыш пішінді бейнелейді. Аққу α жұлдызы аспандағы 1 дәрежелі 21 жұлдыздың бірі. Аққу шоқжұлдызы - Құс жолында жатқан шоқжұлдыздардың бірі. Аққу шоқжұлдызындағы α Аққу жұлдызы, Лира шоқжұлдызындағы α Лира жұлдызы және Бүркіт шоқжұлдызындағы α Бүркіт жұлдызы жазғы аспан үшбұрышын құрайды.

image
Аққу шоқжұлдызы

Тарихы

 | ]
image
Аққу Х, жұлдыздықтардың алып шоғыры

Ең алғаш рет аққу щоқжұлдызы Клавдий Птолемейдің «Альмагест» кітабында «құс» деген атаумен кездеседі. Егер бір деректер бойынша, аққуды Леданың артынан жүретін Зевс деп айтса, басқа деректер бойынша Аққу Лира шоқжұлдызының қасында орналасқан Орфей деп айтылады.

Көп жағдайда бүгінгі шоқжұлдыздардың аты грек тілінде айтылса, жұлдыздардың аты арабша айтылады. Соған байланысты аққуды гректер «орман құсы» деп, ал арабтар «тауық» деп атаған. Арабтардың «тауық» деп атауының себебі, аққу шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы – денеб араб тілінен аударғанда «тауықтың құйрығы» деген мағынаны береді.

Шоқжұлдыз туралы мифология

 | ]

Батыс мифологиясы бойынша Аққу шоқжұлдызы туралы үш түрлі айтылым бар:

image
Аққу және басқа шоқжұлдыздар
  • Құдайлардың Құдайы Зевс Афинаның солтүстігіндегі Rhamnus-тан өтіп бара жатқанда кек құдайы Немезиданы көріп ғашық болып қалады. Немезида одан құтылу үшін ұқсамаған хайуанның пішініне еніп, біресе су жолымен, біресе құрлық жолымен қашады. Бірақ ақыры Зевстің қуғындауынан қашып құтыла алмайды. Ол ақыры аспандағы Аққу шоқжұлдызына айналып кетеді.
  • Зевс кек құдайы Немезиданы қолға түсіру үшін өзі аққуға айналып, махаббат құдайы Афродитаға бір бүркітке айналып өзін қуалауды бұйырады. Мақсаты Немезиданың жанашырлығын ояту болатын. Зевс мақсатына жетеді, сосын осы істі еске сақтау үшін Аққу және Бүркітті бірдей аспанға шығарып, оларды Аққу және бүркіт шоқжұлдызы етеді.
image
Аққу шоқжұлдызы және басқалары

Осы екі ертегідегі оқиға бойынша, Немезида жұмыртқа табады да оны Гермеске береді (кейбір айтылым бойынша Спартаның әйел патшасы Ледаға береді, кейбірі бойынша бір қойшыға береді). Сол жұмыртқадан Гректің ең әйгілі сұлу аруы Елена (Helen of Troy) өсіп шығады.

  • Тағы бір айтылым бойынша, Зевс аққуға айналып Спартаның әйел патшасы Леданы қызықтырмақ болады. Содан Леда екі жұмыртқа туады. Оның бірінен егізжұлдыз Кастор(Castor)мен Полидевк (Polydeuces /Pollux), ал келесі жұмыртқадан Елена (Helen of Troy) мен Клитемнестра (Clytemnestra) пайда болады. Жұмыртқа қабығы Спарта ғибадатханасында жібек жіппен іліп қойған екен. Әдетте Кастор мен Клитемнестра Спарта патшасы Тиндарейдің (Tyndareus)ұрпағы есептеледі. Ал Троялық Елена мен Полидевк екеуі Зевстің ұрпағы есептеледі.

Астеризм «жазғы-күзгі үшбұрыш»

 | ]

Жазғы-күзгі үшбұрыш құрамына үш шоқжұлдыз кіреді. Олар: Аққу, Бүркіт және Лира. Бұл шоқжұлдыздардың барлығы да өте жарық және ашық аспаннан оңай табуға болады. Яғни үшбұрышты осы шоқжұлдыздардың ең жарық жұлдыздары құрайды. Аққудың ең жарық жұлдызы – Денеб, Бүркіттікі – Альтаир, Лираныкі – Вега.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Аққу шоқжұлдызындағы жұлдыздар тізімі

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Аққу шоқжұлдызы туралы ақпарат, Аққу шоқжұлдызы дегеніміз не? Аққу шоқжұлдызы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *