Ақмола округі
Ақмола округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Округ | |
Ақмола округі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | Қазақ АКСР |
Әкімшілік орталығы | Ақмола |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 17 қаңтар 1928 жылы |
Таратылған уақыты | 17 желтоқсан 1930 жылы |
Ақмола округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола және Семей губернияларының бөліктерінен құрылды. Аудан орталығы Ақмола қаласы болды. Округ 15 ауданнан тұрды:
- Азат ауданы. Орталығы — Домбыралы мекені.
- Ақмола ауданы. Орталығы — Ақмола қаласы.
- Асан қайғы ауданы. Орталығы — Атасу мекені.
- Атбасар ауданы. Орталығы — Казгородок ауылы.
- Қарағанды ауданы. Орталығы — Көкөзек ауылы.
- Коммунист ауданы. Орталығы — Николаевское ауылы.
- Қорғалжын ауданы. Орталығы — Казгородок ауылы.
- Ленин ауданы. Орталығы — Оксановское ауылы.
- Нұра ауданы. Орталығы — Қарауылтөбе мекені.
- Пролетар ауданы. Орталығы — Донское ауылы.
- Промышленный ауданы. Орталығы — Үлкен Михайловка ауылы.
- Революция ауданы. Орталығы — Ақмола қаласы.
- Социалист ауданы. Орталығы — Атбасар қаласы.
- Сталин ауданы. Орталығы — Алексеевское ауылы.
- Еркіншілік ауданы. Орталығы — Торғай мекені.
1929 жылы 16 тамызда Асан қайғы ауданы Жаңаарқа ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ақмола округі туралы ақпарат, Ақмола округі дегеніміз не? Ақмола округі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!