Алтынкөл ауданы
| Аудан (түмен) | |
| Алтынкөл ауданы | |
| өзб. Oltinkoʻl tumani/Олтинкўл тумани | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | |
| Әкімш. орт. | Алтынкөл |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 40°42′00″ с. е. 72°10′00″ ш. б. / 40.70000° с. е. 72.16667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°42′00″ с. е. 72°10′00″ ш. б. / 40.70000° с. е. 72.16667° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1939 жылы |
| Жер аумағы | 210 км² |
| Биіктігі · Орташа |
|
| Уақыт белдеуі | UTC+5 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 184 700 адам (2022) |
| Ұлттық құрамы | өзбектер, тәжіктер, ұйғырлар, қырғыздар, татарлар және т.б. |
| Телефон коды | 74 |
|
| |
| Координаттар: 40°42′00″ с. е. 72°10′00″ ш. б. / 40.70000° с. е. 72.16667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Алтынкөл ауданы (түмені) (өзб. Oltinkoʻl tumani/Олтинкўл тумани) — Өзбекстандағы Әндіжан облысының (уәлаят) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы – 30,2 мыңдай тұрғыны бар Алтынкөл қаласы.
Тарихы
| ]Алтынкөл ауданы 1939 жылы құрылды. 1963-1978 жылдары Әндіжан ауданының құрамында болды. 1978 жылдан бастап қайтадан Әндіжан облысының құрамындағы дербес әкімшілік бірлікке айналды.
Географиясы
| ]Ауданның жер бедері ойпат, таулы және адырлармен сипатталады. Әндіжан облысының орталық бөлігінде орналасқан.
Солтүстігінде Ізбасқанмен, солтүстік-батысы мен батысында — Балықшымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде — Шаһриханмен, оңтүстігінде — Асакамен, шығысында — Әндіжан аудандарымен шектеседі.
Ауданның солтүстігінде Қарадария өзені, оңтүстігінде Үлкен Ферғана арнасы, Ұлықнұр арнасы және аудан аралық скид Коллектор-Асака ағып жатыр.
Климаты
| ]Климаты биік субтропиктік таулы келеді. Шілденің орташа температурасы +25...+28˚С, ақпанда -5...-7˚С. Кейде жазда температура +42...+43˚С, ал қыста керісінше -15...-18˚С дейін жетеді. Өсімдік өсетін мезгіл 160-180 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 225 мм-ге дейін жетеді.
Табиғаты
| ]Адыр бөлігіндегі топырақтар байытылған, қалғандары боз топырақты болып келеді. Көктемде адырлар қысқа тіршілікті өсімдіктермен жабылады. Тың жерлерде жусан мен көкпек өседі. Жабайы жануарлар сирек кездеседі. Кеміргіштер, бауырымен жорғалаушылар, құстар кездеседі.
Тұрғындары
| ]2018 жылы бүкіл Алтынкөл ауданындағы халық саны 135 000 адамды құрады. Халықтың негізгі бөлігін өзбектер құрайды. Ресми және ең көп таралған тіл — өзбек тілі.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
| ]Алтынкөл ауданы 10 қалалық мекен (шаһарша; өзб. Shaharcha) мен 7 ауыл бұқаралары жиынынан (өзб. Qishloq fuqarolar yig’ini) тұрады:
Қалалық мекендер:
- Бостон,
- Далуарсын,
- Жалабек,
- Ижтиһад,
- Қомақай,
- Қостепе,
- Мәдени Мехнат,
- Мәслихат,
- Намуна,
- Хандыбақ.
Ауыл бұқаралары жиындары:
- Ахунбабаев (4 қыстақ),
- Жалабек (8 қыстақ),
- Қостепесарай (6 қыстақ),
- Қомақай (7 қыстақ),
- Мәслихат (6 қыстақ),
- Оразы (6 қыстақ),
- Сужұлдыз (14 қыстақ).
Сілтеме
| ]- Алтынкөл түмені Әндіжан уәлаяты хәкімдігінің ресми сайтында Мұрағатталған 18 ақпанның 2023 жылы.
Дереккөздер
| ]- Hududlar bo'yicha shahar va qishloq aholisi soni (өзб.). Andijan regional department of statistics.
- ЦК КПСС. [1] — Изд. Центрального комитета КПСС, 1991. — P. 135.
- Classification system of territorial units of the Republic of Uzbekistan (uz, ru). The State Committee of the Republic of Uzbekistan on statistics (July 2020).
- Әндіжан облысы аудандары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Алтынкөл ауданы туралы ақпарат, Алтынкөл ауданы дегеніміз не? Алтынкөл ауданы нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!