Адай округі
Адай округі — 1928–1929 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
| Округ | |
| Адай округі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қазақ АКСР |
| Әкімшілік орталығы | Ойыл |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1928-1929 |
Тарихы
Округ 1928 жылдың 17 қаңтарында Адай уезін қайта құру кезінде құрылды.
1929 жылдың 10 сәуірінде округ таратылып, құрамына кірген территориялар Ақтөбе, Гурьев округтері мен Қарақалпақ АО-қа өткізілді.
Әкімшілік бөлінісі
Округ орталығы - Ойыл ауылы. Округ 5 ауданға бөлінген:
- Алтықарасу ауданы. Орталығы — Алтықарасу мекені
- Маңғыстау ауданы. Орталығы — Форт-Александровский қаласы
- Ойыл ауданы. Орталығы — Ойыл ауылы
- Табын ауданы. Орталығы — Көкмешіт мекені
- Үстірт-Сам ауданы. Орталығы — Жарқұдық мекені
1928 жылдың 17 қыркүйегінен 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін округ құрамына Гурьев округінен енген Жылыой ауданы (Орталығы Жылыой ауылы) кірді.
Әдебиеттер
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Адай округі туралы ақпарат, Адай округі дегеніміз не? Адай округі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!