Абылай Серғазиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абылай Серғазиев (1896, Самарқан губерниясы – 1937) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.

Самарқандағы орыс-түзем мектебін бітірген. 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і Катта-Қорған уездік революциялық комитетінің төрағасы, Самарқан және Сырдария облыстарының атқару комитеттерінің төрағасы, 1922 жылы басмашылармен күрес жөніндегі Төтенше үштіктің төрағасы болды. 1924 – 25 жылдары Өзбек КСР Ішкі істер халық комиссары, 1925 – 27 жылдары Қазақ АКСР ХХК төрағасының 1-орынбасары, республика жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1927 – 28 жылдары Қазақ АКСР Су шаруашылық басқармасының бастығы, 1928 – 35 жылдары Орта Азия Экономика кеңесі төрағасының 1-орынбасары, 1936 – 37 жылдары КСРО ХХК жанындағы Дайындау комитетінің Иванов облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған. 1937 жылы тамызда тұтқындалып, атылу жазасына кесілген. 1957 жылы қарашада ақталды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Әбдіжаппар Сапарбаев Маңғытай шежіресі = Маңғытай шежіресі — Алматы: Фортуна Полиграф, 2019. — 360 б. — 3000 таралым. — ISBN 978-601329-125-3.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Абылай Серғазиев туралы ақпарат, Абылай Серғазиев дегеніміз не? Абылай Серғазиев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *