Әбікен Бектұров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968—1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.

1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

Сыртқы сілтемелер

 | ]

Дереккөздер

 | ]
  1. Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әбікен Бектұров туралы ақпарат, Әбікен Бектұров дегеніміз не? Әбікен Бектұров нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *