Абдолла Қарсақбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абдолла Қарсақбаев
Жалпы мағлұмат
Туған күні

2 қазан 1926 (1926-10-02)

Туған жері

Қарақастек ауылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

Қайтыс болған күні

2 қыркүйек 1983 (1983-09-02) (56 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, КСРО

Азаматтығы

image КСРО

Мамандығы

режиссёр

Бағыты

социалистік реализм

Абдолла Қарсақбаев (2 қазан 1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 2 қыркүйек 1983 жыл, Алматы) - кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978).

Өмірбаяны

 | ]

Шапырашты руынан шыққан.

1956 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін М.Э. Чиаурелидің тобында бітірген.

1947-1983 жылдары "Қазақфильм" студиясында режиссер болды.

Шығармашылығы мен марапаттары

 | ]

"Ана мен бала" (1955), "Егер біздің әрқайсымыз..." (1961, екеуін де реж. С.Қожықовпен бірге), "Қанатты сыйлық" (1956, А.Слободник және Э.И. Файкпен бірге), "Ботакөз" (1957, Е.Е. Аронмен бірге) атты көркем фильмдерді қоюға қатысты.

Тарихи тақырыпқа "Қилы кезеңде" (1968), "Даладағы қуғын" (1979, КСРО ХШЖК-нің күміс медалі) секілді фильмдерді, "Менің атым Қожа" (1963, Т.Дүйсенбаевпен бірге, 1964 жылы өткен Орта Азия мен Қазақстан кинематографияшыларының байқауының және 1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969), "Менің ағам" (1972), "Қатарыңнан қалма" (1974, телефильм); "Оу, ковбойлар" (1975), "Алты жасар Алпамыс" (1976; 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық 10 кинофестивальдің жүлдегері), "Балалық шақтың кермек дәмі" (1982) көркем фильмдерін, сонымен қатар "Қазақ халқының қолөнері" (1958), "Торғай шегі" (1963), "Черкасск қорғаны" (1970), "Ақтөбе" (1972), т.б. деректі фильмдерін қойған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Құрастырушы авторы А.Байғазыұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Сары Үйсін. Шапырашты — Алматы: Издательство Өнер, 2000. — ? б. — ISBN 5-89840-441-4.
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Абдолла Қарсақбаев туралы ақпарат, Абдолла Қарсақбаев дегеніміз не? Абдолла Қарсақбаев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *