Нұрым Шыршығұлұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 1908, сонда) — Байұлы тайпасы Адай руының Сүйіндік бөлімінен шыққан атақты ақын, жырау.

Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған.

Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” (Қазан, 1908) және “Аламан” (Ташкент, 1926) жинақтарында жарық көрді. Кейін өлеңдері “Ақберен” (1972); “Өсиетнама” (1982); “Бес ғасыр жырлайды” (1985 – 89); “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985); “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) атты жинақтарға енген. Терме, өсиет, арнау үлгісіндегі жырлары өмірдің өтпелілігін, замана жайын толғайды (“Мен қашанғы жүйрігің”, “Әлеумет, келдің қаумалап”, “Ұсынсам қолым жетер ме?” “Шенен ер”, “Жарлау”, “Әкесімен қоштасуы”, т.б.). Сондай-ақ “Тайсойған, Бүйрек – екі құм”, “Әтембекке айтқаны”, т.б. толғауларында ру алауыздығын шенеп, елді татулыққа, бірлікке шақырды.

Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған.

Ол “Қырық батыр” дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нұрым Шыршығұлұлы туралы ақпарат, Нұрым Шыршығұлұлы дегеніміз не? Нұрым Шыршығұлұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *