Құман Тастанбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 наурыз 1945 (1945-03-10)

Туған жері

Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылы

Қайтыс болған күні

17 желтоқсан 2017 (2017-12-17) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Қазақстан Алматы

Азаматтығы

image КСРО
image Қазақстан

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1969- 2017

Марапаттары
image
image
Құрмет ордені
image image
image

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Өмірбаяны

 | ]

Орта жүз Найман тайпасының Садыр руынан шыққан.

  • 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген.
  • Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
    • Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін
    • “Қыс – мазасыз маусым”
    • “Ағам менің”
    • “Ерекше күн”
    • “Аққулар ұшып келеді”
    • “Махаббат жаңғырығы”
    • “Ағама арналған қалыңдық”
    • “Қараша қаздар қайтқанда”
    • “Провинциялық хикая”
    • “Алаң шеті”
    • “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
  • Ол театр сахнасында
    • Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов “Ана - Жер-Ана” мен “Ақ кемесі”)
    • Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман - Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік-Кебек”)
    • Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”)
    • Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1976)
    • Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”)
    • Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”)
    • Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”)
    • Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”)
    • Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.

Марапаттары

 | ]
  • 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
  • 1982 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі
  • 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі
  • 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • 2008 жылы "Құрмет ордені"
  • 2015 жылы "ҚР коститутциясына - 20 жыл" мерекелік медалі
  • 2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Парасат ордені" мен марапатталды.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ киносы Төлегенінен айырылды: Құман Тастанбеков өмірден өтті
  2. https://www.elana.kz/ru/quman-meruertke-qalaj-ghashyq-boldy-nem/
  3. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  5. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құман Тастанбеков туралы ақпарат, Құман Тастанбеков дегеніміз не? Құман Тастанбеков нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *